В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Nika5647
Nika5647
16.06.2020 04:49 •  Қазақ тiлi

Сурет бойынша әнгіме құра көмектесініздерші​


Сурет бойынша әнгіме құра көмектесініздерші​

Показать ответ
Ответ:
IrinaErmolenko
IrinaErmolenko
18.11.2020 02:49

Біздің ауланы сыпыратын өте пысық апай бар. Бір, екі аула емес, төңіректегі біраз үйдің ауласын тазалап, аттандап жүреді. Орысшаға да судай! Талай жыл бір институтта мұғалім болған, әлі де сонда істейді ау деймін. Сол апайымыз, соншама ауланы игеру үшін көмекшіге жарымай жүрді. Енді міне, төрт-бес айдан бері екі көмекші тұрақтанды. Екеуі де қазақ жігіттер, тек,.. БОМЖ. Екеуін желкелеп өз үйіне апарып, суға түсіріп, киімдерін өртеп, күйеуі мен баласының киімдерін кигізіп, үш мезгіл тамағын беріп, бір подвалдың бөлмесін тазалап, жатқызыпты. Екеуін қатал бақылауда ұстайды. О баста "Бомжды қанша асырасаң да бөтелкеге қарап ұлиды" - деген қағида еске түсіп, "мұнысы қаншаға барар екен?" - деп жүр едік, жоқ, әлгі екеуі адам болып қалды. Таңмен тұрып, әйтеуір айғайшы апайдың жанында тыным таппай жүреді. Айнала мұнтаздай! 

Қалта тілипонды лақтыра салайын деп шыға келсем, "Ассалаумағалайкөм!" - деп, сол екеуі біздің есіктің алдын сыпырып жатыр екен. Амандасып, өтіп кеттім де, артыма қарап, жұмыстарын қадағаладым. Екеуі ақырын ғана күбірлесіп сөйлеседі. Біреулердің балконнан лақтырған, біреулердің "байқамай" түсіріп қалған қоқыстарын бас шайқап қойып, теріп, тазалап жүр. Жасы үлкендеуі жастауына бағынады екен. Сол жастауын шақырып алдым.

- Телефоның бар ма? - дедім.

- Қайдағы... - деп, езу тарты. "Диуанадан айдың басын сұрағаның не?" - деп, өзімді іштей бір ұрсып алдым.

- Ендеше, мә, ал мынаны. Беті сынған демесең, істеп тұр - деп, ұстата қойдым сынық телефонды.

Алғысын жаудырып, алып қалды. Сосын апай кездесіп, "Менің балаларыма телефон бергеніңіз рас па?" - деп, тергеп алды. "Қайдан ұрладың?!" - деп, біраз шаңын қағып едім, "әртіс аға сыйлады" деді. Рас болды. Рахмет! Өзім де екеуіне жаңа жылда сыйлайын деп, арзан телефон алып қойып едім" - дейді.

Арада бірнеше күн өтті. Бүгін таңда екеуі тағы аулада жүр екен. Арсалаңдап келіп, амандасты. 

- Телефоның істеп тұр ма?

- Алла разы болсын, аға, істеп тұр. Үймен сөйлесіп тұрмын, олар да қуанып жатыр!

- Қар жауды, жұмыс қиындаған шығар?

- Ой, аға, қар деген табиғаттың сыйы ғой. Адамның қоқысы таусылмайды. Көпшілігі өздерінің қалаға көшіп келгенін әлі түсінбей жүр ғой деймін. Бірақ, біз ауылда да ауланы таза ұстаушы едік. Аула түгіл, мал қора күнде тазаланатын еді ғой. Мына жұрт сол мал қораны көрсе, ұялар ма еді? Көшеге «мусыр» тастаған адамның миының іші «мусыр» шығар - деп, ары кетті. Мен мәшинеме беттедім. Екі мәшиненің қалқасына біреу пакет толы қоқысын тастай салыпты. Қоқыс салатын жәшікке апаруға асыққан болу керек. Анау екеуінен ұялып, жәшікке өзім апарып тастадым.

Алматы менің де, Сіздің де қалаңыз ғой, ағайын!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота