Төменде берілген сөйлемдерді перифраз жасап, жазып шық. «Вакамару» есімді робот қоғамдық шараларда гид қызметін атқару, келушілермен қарым-қатынас жасау, ересектер жұмысқа кеткенде үйде қалған жас сәбиді «бағу» үшін жасалған.
Бұл робот адамға интернеттен қажет ақпаратты тауып бере алады, иесі болмаған кезде үйді күзетеді.
Вакамару адам шақырғанда бетін бері бұрып, сұрақ қойғанда жауап қайтарады.
Жапонияда өткен «ЭКСПО-2005» кезінде гуманоид робот келушілерді қарсы алып, павильондағы заттарды таныстыр
Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыру.
Көршінің ауласына кіре бергенім сол еді, ит арс - арс ете қалды.
Түнімен жаңбыр тырс – тырс етіп, терезені ұрып шықты.
Сөйлей бергенім сол еді, Әсет мырс - мырс етіп күлді.
Сабаққа үш – төрт оқушы ауырып келіп, сабақ бойы күрс – күрс жөтелумен болды.
Алыстан найзағай жарқ - жарқ етіп, күн күркірей түсті.
Мәди суда күмп - күмп етті де, көрінбей кетті.
Кенеттен болған дыбыстан селк - селк ете қалдым.
Турап жатқан қиярым жерге салп - салп етіп түсіп кетті.
Қоңыр салқын желден өсімдіктер желп - желп етіп тұр.
Барыс - биік тауда мекендейтін ерекше сымбатты жыртқыш аң. Ол өте айлакер, күшті әрі шапшаң. Жемін биік тасты жерден, кейде кұз арасынан аңдып отырып, 15 метрге дейінгі биіктіктен секіріп, аса ептілікпен ұстай алады. Ұсак жануарлар мен кұстардан басқа, кейде арқар, таутекелерге де шабуыл жасауы мүмкін.
Барыстың дене тұркы 120-150 см-ге, құйрығының ұзындығы 90 см-ге дейін жетеді, салмағы 23-43 кг-ға дейін тартады. Бір қызығы - осындай ірі тұлғалы жыртқыш адамға шабуыл жасамайды. Мысықша мияулап, қатты үн шығара, құлақтарын жымқыра ырылдағаны болмаса, залалы жоқ.
Таудағы барыстың тұрақты жатағы болмайды. Тек күшіктеген уақытта ғана тау үңгірлерін уақытша мекендейтін көрінеді. Барыс 3-4 жасынан бастап көбейе бастайды. Күшіктерінің саны 1-ден 5-ке дейін жетеді.
Барыстың саны күрт азайып кетуі себепті корғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген