В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Начинайко
Начинайко
21.07.2022 18:25 •  Қазақ тiлi

Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, өнегелі өмірдің формуласын жасаңыздар. Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: дұрыс мақсат, тұқым қуалаушылық, экономикалық ахуал, ішкі сенім, білім мен тәжірибе, мейірімділік, қайырымдылық, ақылдасу, адалдық, әр сәтті дұрыс пайдалану, дұрыс әрекет, кешірімділік, жақсы әдеттер, шектен шықпау, құмарлықтарға шек қоя білу, қиянат жасамау, сабырлылық, табандылық, еңбекқорлық, жасампаздық.​

Показать ответ
Ответ:
vcurakina
vcurakina
16.09.2022 18:29

Мен көктемгі демалысымды қалай өткіздім?

Мен көктемгі демалысымды қалай өткіздім? деген сұраққа жауап берер болсам, ең ұзақ тоқсан болып саналатын үшінші тоқсанның аяқталуын осы жолы тағатсыздана күттім. Себебі, биылғы көктемгі демалысымды әдеттегідей қалада емес, алтын бесік саналатын ауылда өткізетін болдым. Наурыз мейрамын қайнаған тірліктің ортасы ауылда өткізетіндіктен, бұл мейрамды асыға күттім. Сонымен, демалыс басталысымен мен ауылға жол тарттым. Бұл жерде «Наурыз – Думан» атты мерекелік іс –шараға қызу дайындық басталып кетіпті. Ауылдың ортасында киіз үйлер бой көтеріп, олардың іші ұлттық нақышта көркемделіп қойыпты. Тура Наурыз тойланатын күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, орталық алаңға жинала бастады. Ауыл – аймақтың барлығы осында, жастар алтыбақанға мініп, асыр салып ойнап жүр. Апалардың біреулері Наурыз көже өзірлеп, ет асып жатса, басқалары бауырсақ пен шелпек дайындауда. Наурыз - Думан ауыл әкімінің құттықтау сөзімен басталып, ары қарай сахналанған көрініске ұласты. Осы күні ауылда жақын ауылдық жерлерден жиылған шабандоздар арасында аламан бәйге ұйымдастырылып, бас жүлдеге біздің ауыл тұрғыны ие болды. Мерекелік іс  - шаралар бірнеше күн бойы жалғасын тапты. Мен көктемгі демалысымды осылайша қызықты өткізіп, тіпті демалыстың бітіп қалғанын да байқамай қалыппын.

0,0(0 оценок)
Ответ:
tsyhanenkok
tsyhanenkok
16.09.2022 18:29

Қымыз бен шұбат - шипалы сусын.

Қазақ халқы сүт тағамдарын қашанда «ақ» деп атап, ерекше қастерлеген. Қай ұлттық сусын болмасын, әрқайсының өзіндік емдік және қоректік қасиеттері бар. Ұлттық сусындар ағзаға оң әсер етеді, әрі денсаулыққа да пайдалы.

Қымыз

Ешқандай сусын қымызбен тең келе алмайды. Құрамында дәрумендер, майлар, белоктар бай, ол талай ауруды емдеп қана қоймайды, олардың алдын да алады. Қымыз ас қорытуды жақсартады, қауіпті ісікті болдырмайды.

Бие сүтінен ашытылады. Оның алғашқы ашытқысын «қымыздың қоры» деп атайды. Кей жерлерде мұны бие сүтіне сүр қазының қабырғасын, жылқының ашыған сүр жамбасының жұлынды сүйегін не малта салып немесе ашыған тары көженің суын қосып, бөлек ашытады. Сосын сабадағы қорды сарықпай, биенің жылы сүтін саумалдап, жаңғыртып отырады. Қымызды көп сапырғанда оған таза ауа көп сіңеді.  

Қымыз тәрізді табиғи құдіретті сусынмен былай да емдейді: қымызды алғашқыда тәулігіне 6 рет 100 грамнан (қатты науқасқа 50 гр.), кейін 250 грамға дейін береді де, ағза қымыз ішуге үйренген соң оның мөлшерін 2-3 литрге дейін көбейтеді. Қымызды тамақтың алдында 1-1,5 сағат бұрын ішеді. Жатар алдында ішпейді. Жоғарыдағы ем сырқатпен әлсіреген, жүдеген, қаны азайған, туберкулезге шалдыққандарға шипалы.

Шұбат

Түйенің сүтін ашытып жасайды, қышқыл дәмді. Оның әзірлеу тәсілі қымыз ашытуға ұқсас. Шұбатты тағам ретінде үнемі ішіп жүретіндер өкпе ауруына өте сирек ұшырайды. Дәрігерлер өкпесі, асқазаны, ішегі ауыратындарға шұбат ішуді ұсынады. Өйткені, шұбат асқазанның секреторлық қызметін жақсартады, қышқылдылығын көтереді, дәрі-дәрмектердің емдік қасиетін арттырады, адамның дертке қарсы күресу қабілетін күшейтеді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота