Төмендегі фразеологизмдердің ішінен достық, бірлік, татулыққа қатыстыларын теріп алып, оларды қатыстырып, сөйлем құраңдар.
Ағынан ясарылды, қаймағы бұзылмау, ат арылту, ат-тонын ала қашу, ара-
сынан қыл өтпейтін, бармағын тістеді, бауыр басу, асығы алшысынан түсу,
тонның ішкі бауындай.
2. Сілтеу есімдігі
3. Сұрау есімдігі
4. Өздік есімдік
5. Жалпылау есімдігі
6. Белгісіздік есімдігі
7. Болымсыздық есімдігі
1) Жіктеу есімдіктер – белгілі бір жақ түрінде қолданылатын есімдіктің түрі. Мен, сен, сіз, ол,біз,сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.2) Сілтеу есімдік – нұсқау және көрсету мағыналарын көрсетеді: бұл, мынау, анау, сол, мына, міне.3)Сұрау есімдігі – жауап алу мақсатында қойылған сұрақтар. Қазақ тіліндегі барлық сұраулы сөздер жатады: кім? неше? қайда? неге?4) Өздік есімдігі – әр түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөз: өз, өзім, өз-өзіне, өзіміз.5) Жалпылау есімдігі – жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі: барлық, бәрі, тегіс, түгел, күллі. 6) Белгісіздік есімдігі - белгісіз мәнде айтылатын сөздер. Жасалауына әр, бір, әлде деген үш сөз ұйтқы болып қызмет атқарады: әркім, әлдекім, әрқалай, бірнеше, бірдеме,кейбір, әрқалай.7) Болымсыздық есімдігі – болымсыздық мағынаны білдіреді. Негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады: ешкім, ешқайда, ештеме, ешқашан, дәнеңе.
Қаратпа сөздерге мысал сөйлемдер:
Достым, осы сенің руың кім еді, ұмытып тұрмын?
Анашым, сіз білесіз бе, мен бүгін география мен қазақ тілінен «бес» алдым?
Жаным, бүгінгі туылған күнің құтты болсын!
Әкешім, маған да үйретіңізші, мен сізге көмектесейін.
Құлыным-ау, осы сөзіңнен айналдым!
Қыстырма сөздерге мысал сөйлемдер:
Әрине, осы жолы Айманның істегені дұрыс болмады.
Менің ойымша, жиынды демалыс күні өткізген дұрыс.
Біріншіден, жұмыс күні болғандықтан, бәрінің қолы тие бермейді, ал екіншіден, бәріміз жиналғанша кеш те батып кетеді.
Қысқасы, мен осылай шештім.
Оның айтуынша, тексеріс екі аптадан соң келеді.
Одағай сөздерге мысал сөйлемдер:
Бәрекелді, жарайсың, құлыным! Сен үшін өте қуаныштымын!
Түу... Мына шамның сөніп қалғаны - ай!
Шіркін, табиғат көптеген тылсым құбылыстарға толы ғой...!
Япырмай, қымыздың дәмін айтсаңшы, тіл үйіреді...
Пай – пай, сайысқа қатысып отырған ақындардың барлығы өткір тілді екен.