ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ ЕРКІН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ Екі немесе одан да көп сөздің тіркесуі арқылы жасалатын, құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаға ие болатын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын тіркестер – тұрақты тіркестер – фразеологизм деп аталады. Мысалы, Екі иығына екі кісі мінгендей деген тұрақты сөз тіркесі денелі, тұлғалы, иықты деген бір ғана мағынаны білдірсе, Аяғы аяғына жұқпады тұрақты тіркесі шапшаң, тез жүрді деген ұғымда қолданылып тұр. Тұрақты сөз тіркестері мен еркін сөз тіркестерінің өзіне тән айырмашылығы болады:
1. Тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға келмейді. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге болады.
2. Тұрақты сөз тіркесінің мағынасы оның құрамындағы сөздердің мағыналарынан алшақ болады. Еркін сөз тіркесінің мағынасы сол тіркесті құрайтын сөздермен тікелей байланысты болады.
3. Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір ғана синтаксистік қызмет атқарады. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің әрқайсысының жеке-жеке синтаксистік қызметі болады.
Бір-біріне антоним болатын тұрақты сөз тіркестер:
Бетінен оты шықты (ұялды) – Беті бүлк етпеді (ұялмады).
Ажары сынды (мұңайды) – Қуанышы қойнына сыймады (қуанды).
Қолы қолына жұқпады (тез қимылдады) – Саусағының ұшын қимылдатпады (қозғалмады, ешнәрсе істемеді).
Бір-біріне синоним болатын тұрақты сөз тіркестер:
Үріп ауызға салғандай; қыздың жиған жүгіндей – сұлу, әдемі, көрікті, келбетті; әсем, т.б.
Ит өлген жер; ит арқасы қиянда – алыс, қашық, шалғай
Ит терісін басына қаптады; жерден алып, жерге салды – ұрысты, сөкті, балағаттады.
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/510-tabigat.html
© www.ZHARAR.com
Пай,пай,әжелер-ай.
Қазақ халқының әр отбасында әженің орны ерекше әрі қастерлі.Сан тараулы тарихымызда Домалақ ана,ұлы ақын Абайдың әжесі Зере,Айғаным секілді әжелеріміздің бейнесі өшпес мұра.Сондай әжелердің бірі - Елдостың Нағима есімді асыл әжесі.Елдос жанұяның тұңғышы болғандықтан,кішкентайынан Нағима әженің қарауында болды.Әжесі оған ес жиып,әр нәрсеге қызыға бастағанында ертегі,аңыз-әңгімелер айтып беретін.Міне,сол әже тәрбиесін көрген Елдосты ауылда озат оқығаны үшін қаланың бір мектеп-интернаты оқуға шақырды.Елдос жақындарының рұқсатымен қазіргі таңда сол жерде білімін жалғастыруда.
Оқушылар үшін қысқы демалыс та келіп жетті.Елдос ызғарлы боранның әсерінен ауылға апарар тас жолдың жабық екендігін естіп тұнжырап отыр.Не дегенменде,асыл әжесін көрмегеніне біраз болды.Көңілсіз ұйықтаған Елдос таң ата төсегінің жанында отырған сүйікті әжесін көріп орнынан атып тұрды.Нағима әже немересіне ауылдан құрт пен майын,өз қолымен тоқыған жүн шұлық,кеудешелер алып келіпті.Ал Елдосқа әжесінің алыстан ат терлетіп келгенінің өзі жетіп жатқан еді.