• «Тәрбие – тал бесіктен» деген сөздің мәнін ашып, бүгінгі қазақ отбасындагы тәрбие туралы сөз қозғаңдар. • Шығармада ер баланы тәрбиелеуде әкенің рөлінің ерекше екендігін аңғарамыз, «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген халық даналығы да текке айтылмаған. Бауыржан Момышұлының өкесінен алған тәрбиесінің ерекшелігі тоқталып, өз көзқарастарыңды білдіріңдер.
• «Үшқан ұя» шығармасы қамтитын уақыт кезеңіне тоқталыңдар.
• Әңгімеден көненің көзіндей салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыз қазақтың ұлттық болмысымен астасып жатқанын байқаңдар. Құндылықтарымызға сусындаған қазақ баласының бейнесін жасаңдар.
• Балалық шағыңдағы қызықты сәттермен бөлісіңдер. Жазушының балалык шағымен үндестікті байқадыңдар ма?
• «Ел болам десең, бесігіңді түзе» тақырыбына эссе жазыңдар. Артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеп, үш себепті белгілеңдер.
Бірінші себеп (фактілер мен тәжірибелер). Демек,
Екінші себеп (фактілер мен тәжірибелер). Демек,
Үшінші себеп (фактілер мен тәжірибелер). Демек,
Мысал:
Қорытынды:
керек
Мәтін бойынша сұрақтар әзірлеу.
1. Тоғызқұмалақ қандай ойын? (ақыл - ой ойыны)
2. Ойынды қанша адам ойнайды? (2)
3. Әрбір ойыншыда қанша құмалақтан болады? (81)
4. Аңыз юойынша бұл ойынды кім ойлап тапқан? (қойшылар)
5. Ойын ережесі қандай? (Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.
Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз. Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз.
Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.)
6. Ойын соңында кім жеңіске жетеді? (Құмалақ саны көп ойыншы жеңіске жетеді)
7. Тоғызқұмалақтың қандай түрлері бар? (Қоздату, бестемше)
Денсаулық - зор байлық. Адам барында бағалай білмейтін екі құндылық бар екен. Оның бірі уақыт болса, екіншісі - денсаулық. Шыны керек, көбіміз денсаулықтың қадірін біле бермейміз.
"Қолда барда алтынның қадірі жоқ" демекші, денсаулықты барында бағалай білмеген адамдар басына дерт салмақ салғанда ғана денсаулықтың, өмірдің құнын ұғынады. Сондықтан әуел бастан бардың бағасын білудің маңызы зор.
Денсаулық - адам өмірінің тірегі. Онсыз емін-еркін өмір сүре алмайсың. Денсаулығы сыр берген адамның шаттанып күліп, қуанып өмір сүре алмасы анық. Қарттарымыздың әрдайым өзімізді күтіп жүру керек екенін ескертіп отыруы да олар өткерген өмір тәжірибесінен, келмеске кетіп бара жатқан денсаулықтың баға жетпес құнын білгендіктен, өз басынан өткенді тұшынып, түйсіне білгендіктен болар. ал жастардың жастықтың отымен жүріп ысты-суықты елемей, артынан дерт жабыстыратыны да біздің денсалықтың қадірін барынша ұғына алмағанымыздан деп білемін. Сол себепті балаларға бала күнінен денсаулықтың маңызы мен өзін-өзі күтінуді үйрету керек.