В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
avagimyan2002
avagimyan2002
27.11.2021 03:28 •  Қазақ тiлi

Табиғи ресурстардың түрлері Керекті терминдер ғылыми стильде хабарлама мəтінін жаз​

Показать ответ
Ответ:
Mariiar
Mariiar
12.07.2021 05:14

Әйтеке Байбекұлы (1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлімұлы тайпасының төртқара руынан шыққан.[1] Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.[2]

0,0(0 оценок)
Ответ:
supervoron
supervoron
28.04.2020 04:49

Әрқайсысы 6 тармақты 5 шумақтан тұрады, көлемі 30 жол. Абайдың поэзия, оның мәні жөніндегі ой-пікірлерінің тың түйіні, бұған дейінгі жазылған «Базарға қарап тұрсам, әркім барар», «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» сияқты шығармаларындағы эстетикалық көзқарасының кемелді көрінісі. Бұл шығармаларында Абай ақындықтың ауыр міндетін, ақын атанудың алғышарттарын аңғартқан еді. Сөздің патшасын, сындарлысын дарияның тереңіне сүңгіп, ақық-маржан іздеушідей түн қатып толғататын, тұңғиық ойға шоматын даналардың ғана таба алатынын айтқан. Яғни ақын ақыл сөзін ақындарға арнаған-ды. «Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?» деп, парасатты оқырманы жоқтығына налыған болатын. Ал бұл өлеңінде Абай Құнанбайұлы әрі оқырман-тыңдаушыларына, әрі ақындарға қарап сөйлейді. Сын мен пікірін нақтылай айтуға ойысқан. Мұхтар Әуeзовтың айтуынша, бұл өлең Абайдың «тек бір өз басының ақындық жолындағы ізденуі ғана емес. Мұны ақындық жайында өзгеше мәні бар өлең деп ұғынуымыз керек». Оны ақын өз айналасындағы «өлеңі бар, өнерлі інілерінің» кейбір шығармаларын оқығаннан кейін, соларға жөн-жоба көрсетіп, сын ескертпелер жасау ниетімен тудырған. «Сөз айттым «Әзірет Әлі, айдаһарсыз» дегенде көп ақындардың, оның ішінде Көкбай Жанатайұлының пайғамбарларды, дін таратушы қаһармандарды мадақтайтын қиссаларжазуға тым әуестігін, «Бізде жоқ» алтын иек, сарыала қыз» дегенде жеке ақындардың жылтырақ сөздерге әуестігін, Әріп Тәңірбергеновтың «Зияда-Шамұрат» дастанында қызды «иегі алтын, көзі гауһар» деп, әлем-жәлем етіп суреттегенін, «Кәрілікті жамандап елім тілеп» дегенде Шәкәрім Құдайбердіұлының заңды түрде келетін кәрілікті даттағанын қағытып мысқылдаған. Ақын өлең сөзді кімге арнауды, кімге айтуды ескертеді: тасырға айтпай, «кеңіл көзі ашық, кекірегі сөзімді», сергек те талаптыларға айтуды қалайды. Оның өсиеті - күле тыңдаған парықсыздарға сөзіңді қор қылма! «Қызшыл», «қызықшыл» әуейілерге жолама! Арсыздық пен ақылсыздықтан, шаруасыздық пен маскүнемдіктен аулақ бол! Мұның үстіне Абай бұрынғы «сөз түзелді, тыңдаушы, сенде түзел» деп жалпылай айтқан ақылын аша түскен. Түзелу үшін не істеу керектігін керсеткен. Оқырмандарына өлең-жырды жұртқа ақыл айтып, кеңес берудің, үлгі-өнеге көрсетудің, қырсық, қиянатқа қарсы күресудің қүралы деп ұқтырған. Жақсы сөзді жастай тыңдап жаттық, әсері қызыл сөзге құлай қалма, сөздің сыртына сенбе, ішіне үңіл, мазмұнын біл, оның мәні тереңін ізде, сөздің қадір-қасиетін сонда ұғасың деп кеңес береді. Өлең алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Ұйқасы -б, -а, -а, -в, -а, -г, -а болып келеді. Текстологиялық зерттеулер барысында Мүрсейіт қолжазбасындағы 2-шумақтың 5-жолындағы «сөзіңді ұқпай» деген тіркес 1909 жылғы жинақ негізінде «айтқанды ұқпай», 3-шумақтың 6-жолындағы «ойы терең» деген тіркес «түбі терең» делініп ауыстырылған. Ал жинақтағы 3-шумақтың 3-жолындағы «елде кәрі» деген тіркес Мүрсейіт жазбасына сәйкес «кәрілікті» деп өзгертілген. Мүрсейіт қолжазбаларындағы 4 шумақтың соңғы жолындағы «қиналмай» сөзі 1909 жылғы басылым негізінде «қинамай» болып алынған. Ал 1909 жылғы жинақта жоқ: «Сәнқой, даңққой, ойнасшы, керім-кер- бөз», «Қанша қызық болады өзіңізге?» деген жолдар Мүрсейіт жазбаларынан алынып, кейінгі басылымдарға енгізілген. Өлең ағылшын, орыс, өзбек, ұйғыр тілдеріне аударылған.[1]

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота