В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
dilnuscha
dilnuscha
31.10.2021 01:57 •  Қазақ тiлi

Талдау жаса «Қазақ даласына қоныстанушылардың келуі өлкеге демократиялық серпіліс алып келді» деген пікірмен келісесің бе? Өз ойынды ПТМС формуласы арқылы жеткіз. Тез керек болып тұр

Показать ответ
Ответ:
витяак74
витяак74
12.09.2021 19:50

Объяснение:

XVIII ғасырдың соңына қарай Қазақстанның үлкен бөлігі әлі де болса саяси тәуелсіздігін сақтады. Ресей империясымен арадағы шекара XVIII ғасырдың орта тұсындағыдай Жайық, Ой (Тобылдың тармағы), Ертіс арқылы өтті. Оңтүстігінде қазақ жері Хиуамен және Түрікменстанмен шектесті. Оңтүстік-шығыста қазақ иеліктері Іле Алатауына жетті. Қытай билігіне Ұлы жүз қазақтарының шығыс аудандары ғана қарады, ал оның басым бөлігі, яғни батыс аудандары өз тәуелсіздігін сақтады.

XVIII ғасырдың соңынан бастап қазақ елінің бұл жағдайы күрт өзгеріске ұшырай бастады. Орталық Азия хандықтары, Ресей және Қытай қазақ елінің өзін-өзі қорғай алатын мемлекеттік қуаты жоқтығын, сондай-ақ ішкі алауыздығын пайдаланып, қазақ жерін бөліске салу ниетімен нақты әрекеттерге көше бастады.

Қазақ жеріне шабуыл барлық тұстан төніп тұрды. Қазақстанға бойлай ену мақсатында патша үкіметі әскери бекіністер тізбегін салуды одан әрі жалғастырды. XIX ғасырдың басында бұрынғы бекіністер тізбегіне 19 бекіністен тұратын Жаңа Елек тізбегі қосылды. Бұл тізбек арқылы патшалық билік Қазақстаннан су мен шұрайлы жайылымға бай көлемі 750 мың гектарлық үлкен аумақты бөліп тастады.

Шығыстан Қытай мемлекеті Жоңғар хандығын біржола жойып жібергеннен кейінгі уақытта, қалмақ жұртымен іргелес Іле, Тарбағатай және Алтайда орналасқан қазақ елінің дәстүрлі мекендерін де иемденуге күш салды, мұндағы қазақ ауылдарына алым-салық төлетті.

XVIII ғасырдың соңына қарай Ұлы жүздің жері бірнеше иеліктерге бөлінді. Оның батыс бөлігі Ташкент билігі құрамына енді. Бұл кезде Ташкентте қазақ сұлтандарынан шыққан Баһадүр Фарман билік құратын. Ол қаза болған соң орнын жергілікті қожалардың өкілі Жүніс қожа басты. Жүніс қожа Шымкент және Түркістан аймақтарын өзіне қаратып, жергілікті билікті билерге беріп, хан деген атақты жойып, қазақтардан міндетті түрде зекет жинаумен шектелді.

1808 жылы Ташкентті Қоқан ханы Әлім хан басып алды. Әлім хан қазақ елін Жүніс қожа тұсында орныққан тәртіп арқылы басқаруды жөн көрді. Ол қазақ рубасыларын өзіне шакырып алып, олардың арасынан билер тағайындап, атқаратын міндеттерін белгілеп, елдеріне қайтарды. Сөйтіп, ендігі уақытта Ұлы жүз қазақтары Қоқан хандығына бағынышты болды.

Зекет пен хараж салықтарын жинау барысында хан әкімшілігінің адамдары түрлі сорақылықтарға, зорлыққа жол берді. Шыдамы таусылған халық салық төлеуден бас тартып, 1809 жылдың қысында Әлім хан қазақ ауылдарын жазалау үшін Шымкент пен Сайрамға үлкен әскер шығарады. Қыстың қатты болуына байланысты әскерге өз міндетін орындау оңайға түспейді, тіптен оның арасында Әлім ханға ашық наразылық білдіру орын ала бастайды. 1809 жылдың көктемінде Әлім ханды қарсыластары тақтан түсіріп, өлтіреді.

Дегенмен оның әскерлері бұған дейін біраз қазақ ауылдарын тонап, малдарын айдап, көптеген адамды тұтқынға алып, біразын өлтіріп үлгерген еді. Ташкенттен бастап, Түркістан және Әулиеата аралығындағы халық ойранға ұшырады.

Қоқан хандарының билігі солтүстік-батыста Қармақшы елді мекеніне жетіп, шығыста Іле бойына дейін созылды. Осы екі арада Қоқан хандығы Ақмешіт, Мерке, Піттшек, Таушыбек сияқты және басқа бекіністер салды.

Қазақ жеріне қауіп Хиуа хандығы тарапынан да төнді. Хиуа билеушілері құнарлы жері мол Сырдарияның төменгі ағысы бойын өздеріне бағындыруды көздеді. 1806 жылы Хиуа тағына отырған Мұхаммед-Рахым хан Сыр қазақтарын күшпен бағындыруға көшті.

Жақсы қаруланған және даярлығы бар Хиуа әскеріне қазақ қолдары тойтарыс бере алған жоқ. Қазақтар жағында жақсы салынған бекіністер, зеңбірек сияқты кару, тұрақты әскер болған емес. Қазақ билеушілерінің Хиуаға қарсы Ресей үкіметі мен Бұхар ханынан кемек сұраған өтініштері қолдау таппады. Сөйтіп, қазақтар тәуелсіздігін өздері қорғауға мәжбүр болды.

1821 жылы Ұлы жүз қазақтары Қоқан билігіне қарсы көтеріліске шықты. Оны Тентектөре басқарды. Көтеріліс Түркістан, Шымкент, Сайрам және Әулиеата сияқты қалаларға жақын аймақтарды қамтыды. Саны он екі мыңға дейін жеткен көтерілісшілер Шымкент және Сайрам қалаларын басып алды.

Кетерілісті басуға жіберілген Қоқан әскері ұзақ мерзім қоршаудан соң Шымкент пен Сайрамды қайтарып алды, бірақ қазақтар берілмеді. Ұзақ қорғаныстан соң Тентектөре Қоқан билеушілерімен келіссөзге келіп, Қоқан билігін мойындауға мәжбүр болды. Өз ұлын Қоқан әмірі Омарға аманатқа жіберді. Сөйтіп, көтеріліс басылды.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота