Тапсырма: 1.Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, мөлшер үстеуінің астын сызып,
сұрақ қойыңыздар. Мөлшер үстеуінің сөйлемдегі қызметін түсіндіріңіз.
1.Арада біраз уақыт өткен. 2.Күн едәуір көтеріліп қалса керек.
3.Базаралының бұл алуандас әңгімесін Абай мен жастар тобы соншалық
сүйсіне, қызыға тыңдасқан еді. 4.Байдалы да былтырғыдан бері недәуір
сүйсіне, қызыға тыңдасқан еді. (М. Әуезов).
5.Жоғары сыныпқа келгенде әжептәуір талабы бар танымал суретші болды.
2 Берілген үстеулерді мағыналық түрлеріне қарай топтап жазыңыздар
және сөйлем құраңыздар.
Бүгін келді, бұрын айтты, ілгері жүрді, жоғары барды, ақырын жүрді,
тез келді, онша жараспайды, соншалық сүйсінді, күні-түні оқиды, әрі-бері
жүрді, емін-еркін отырды, анағұрлым көбейді.
Қасқырлардың тағы бір ерекшелігі ұрғашы қасқыр мен еркек қасқыр жұптарын жазбай өмір сүреді. Бір-бірін ешқашан алмастырмайды. Оларды тек қана өлім ғана ажырата алады. Бала тәрбиесіне екі жақ та атсалысады. Бір-біріне деген адалдығын қасқырлардың басты ерекшелігі ретінде атауға болады. Ұрғашы қасқыр ұйықтап жатқанда, еркек қасқыр күзетіп тұрады.
Қасқырлардың өзара қатынасы өте қатаң реттеліп отырады. Егер де араларында бір жұп әлсіз болатын болса, онда ол жұп бала туу санын шектейді. Бұл генетикалық құрамды жақсарту мақсатында жасалатыны айтпаса да түсінікті.
Қазақтың дастарханы сан-алуан болады.Кім келсе де,үйіндегі барын аямай,үстелге қояды.Мысалы,қазақтың дастарханын құртсыз,майсыз,қаймақмыз елестету мүмкін емес.Ал егер құдалар,басқа да құдайы қонақтар келсе,мал сойып,жақсылап тұрып қайнатып,тұздығын жасап,қонақтың алдына қояды.Ал соның барлығын бауырсақпен қосып жейді.Тым құрғақ болмас үшін,шұбат, қымыз ішеді.Қазақ дастарханы туралы айтсақ көп болады,себебі оны айтып жеткізу мүмкін емес.Қазақ дастарханынан бір рет болсын,дəм тату керек