В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
dunina2018
dunina2018
05.03.2022 03:12 •  Қазақ тiлi

Тапсырма 1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, құрылымы, стилі, мақсатты аудиториясы, тілдік ереркшелігі тұрғысынан салыстырыңыз.

1-мәтін

Нан

(әңгімеден үзінді)

...Олар сай қуалап, орылмаған бидайдың ішіне енді. Бұқпантайлап жүріп, өнімді де тиімді шаруаға кірісті. Әбден жетіліп, қауызынан дәні төгілген есіл бидай болымсыз желге судыр-судыр етеді. — Ой, апа! — деді Қонысбай, белеңге шыға келген салт аттыны көріп. Ойпаңдау жерге екеуі де зым-зия бұға қалды. Аттың дүбірі біртін-біртін бұларға жақындай берді, жақындай берді...

— Иә, балалар, жасырынбақ ойнап жүрсіңдер ме?.. Тұр орындарыңнан! Екі дос ырсылдап, пысылдап, күрсініп, аспай-саспай түрегелді. Жақсылық ағай екен! Протезін сықырлатып, ердің үстінде қисайып отыр. Сәл көңілсіздеу болғанымен, жүзі онша сұсты емес, сабырлы, инабатты. Бұл кісі биыл көктемде бір аяғын беріп, кемтар боп майданнан оралған. Ат үстіндс мықшиып отырған Жақсылық әрқилы ойда. Тесік тамақ үшін күнге күйіп, сары адырда сандалып жүрген мына шермік қарын жетімектерге қайтіп кемістік білдірмек? Қайтіп қолы бармақ? Тәртіп бойынша бұларға өз сыбағаларын жақсылап тұрып беру керек еді. Бірақ... Қорықшы ағай ауыр күрсінді. — Шырақтарым,— деді ол байыппен, атының жалын сипап жатып,— бұл үкіметтің астығы. Майдандағы көкелеріңе нан керек. Ашық аспан астында олар Гитлер фашизмімен соғысып жатыр. Кім үшін? Сендер үшін. Сендердің болашақ бақыттарың үшін!.. Біз ауылдамыз. Быламық ішсек те, талқан жесек те өлмейміз... Масақ тергілерің келсе, комбайн жүріп өткен аңызаққа барыңдар, бәріңе де жетеді... Екінші рет бүйтіп бейбастық жасамаңдар!.. Ол қойнынан бір нан алып балаларға берді. Сөйтті де атын шоқырақтатып жөнеп қалды. Оның оң аяғындағы ағаш протезі салақтап бара жатты.

Тоқаш Бердияров

2-мәтін

Ұлттық тағам – халықтар достығына жол

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенділері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай ұлттық жәрмеңке өткізді.

Қазақстан аумағында тұратын белгілі бір ұлттың асханасы мен мәдениетіне арқау болатын жәрмеңке әр екі апта сайын өтетін болады. Ал бүгінгі фестивальдің ашылуы қазақ ұлтының мәдениеті мен ұлттық асханасын, дәстүрі мен өнерін паш етуге арналды.

Қонақтар жастар ісі жөніндегі комитет белсенділерінің өз қолдарымен даярлаған қазақ ұлтының тағамдары мен тәттілерінен ауыз тиді. Мереке халық әндерін тамылжыта орындаған әншілердің, мың бұралған бишілердің өнерлерімен жалғасын тапты.

– Әрбір ұлттың өзінің ерекшелігі бар, – дейді Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы Ақбота Сарыбай. – Тәуелсіз еліміз ізгі дәстүрлер мен ерекше ұлттық тағамдарға бай. Менің ойымша, ұлттық тағамдар – халықтар достығына апарар жол бола алады.

1-мәтін 2-мәтін

Тақырыбы

Кімдерге оқуға арналған?

Қандай стильде жазылған?

Етістіктің шақ түрлеріне мысал тауып жазып, шақ түрлерін ажырату

2. Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Джобс «Тамақты дәрі деп қабылдаңыз, әйтпесе дәріні тамақ орнына қабылдайтын боласыз» деген екен. Сіздің бұл пікірге көзқарасыңыз қандай? Ойыңызды жинақтап эссе жазыңыз. ​

Показать ответ
Ответ:
maksimkakravchenko
maksimkakravchenko
23.12.2021 20:11
Шахмат ойынын мектеп багдарламасына енгизу туралы ангимелер билик тарапынан сонгы кезде айтылып жургени де жасырын емес. Бул балалардын математикалык ойлау кабилетин дамытатыны созсиз. Жас жеткиншектер осы ойынга деген кызыгушылыгын арттыру максатында жакында Шынгырлау аудандык балалармен мектептен атынан 3- барып катыскан болатын. Онын екеуи 1 орын иеленипти. калагндарын билмедим.Финалдык тартыстын кызыкты болганы соншалык, оган катыскан Мирас пен Санжар бирин бири ала алмай койды. сондыктанда олардын екеуине 1 орынды берди. Сайыс сонында марапатттау басталды. Катыскан балалардын барлыгынын конили толды. Орын алмагандарга Алгыс хат берди. Барлыгмыз уйге куанып кайттык.
0,0(0 оценок)
Ответ:
danya166
danya166
08.11.2021 04:46

Елбасыға хат

Сәлеметсіз бе Елбасы! Сіздей адам болу мен үшін өте үлкен құрмет. Сіз адал, мейірімді, қайрат жансыз. Қазақстан елін Тәуелсіз ел қылу әр адамның қолынан келе бермейтін іс. Менің басқа елден достарым бар, әрдайым сізбен Қазақстанды мақтан етемін. Менің ең басты арманы сізге ұқсау, менде елін, жерін қорғайтын нағыз қазақ болғым келеді. Ол мақсатына жету үшін тыңбай еңбек етемін, ата-анамда мені үнемі қолдап жүреді. Біздің елде сіздей адам болғанына өте қуаныштымын. Жалынды сәлем(өз атыңды жазсаң болады)!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота