Тапсырма 1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, құрылымы, стилі, мақсатты аудиториясы, тілдік ереркшелігі тұрғысынан салыстырыңыз.
1-мәтін
Бала ұйықтағанда адам сенбес түстер көретін. Түсінде бала үстіне ақ халат киіп, зертхана ішінде жүргендей болатын. Әр түнде ұйқыға кетісімен түсінде жүргізген тәжірибелері күрделене түсті. Қарапайым көлбеу жазықтықтан төмен дөңгелеп түскен металл шардың уақытын өлшеуден күрделі физикалық-химиялық тәжірибелер реттерін тапты.
Он бір жасында бала көңілі түнгі аспанға ауды. Әжесінің сынған көзілдірігінен және ойыншықтар арасынан шыққан лупаны пайдаланып, қағаздан түтік орады. Галиео Галилей аспанға бағыттаған алғашқы телескоп сияқты еді. Телескоппы түнгі аспанға емес, күндізгі аспандағы жарық жұлдызға бағыттады. Галиео Галилей ашқан жаңалықты жаңғыртып мәз-мейрам. Өңінде дәлел тапқан тәжірибелер бала қолын қатайтып түстерін өңге айналдыруға жол салды. Жеткіншек бала қолы жетер заттарды пайдаланып, бір жыл ішінде Галилейдің, Ньютонның, Герцтің тәжірибелерін жасап, түстердің мыңнан бір бөлігін дүниеге әкелді. Өсе келе түнгі ұйқыда көретін түстері азайды. Көре қалса ғажап аспаптармен, құралдармен, машиналармен жұмыс істейтін. Көзінің өткірлігі қиялының шексіздігімен, тез ойша білген көргенін байланыстыру қабілетімен ауысты.
Алда оны үлкен істер, ашылмаған жаңалықтар күтіп тұрғаны анық.
2-мәтін
Жас жазушылар жинағының мазмұны бай. Палитрасы сан қырлы, алуан бояулы. Достықты, махаббат пен адамгершілік лағыл қасиеттерді қызыл тінге айналдырған лирикалық әңгімелермен бірге, туған жер, ел тағдырын толғаған тебіреніске толы туындылар, аңыз-әфсана, фантастика, сатиралық дүниелер де бар. Ендігі сөз – ғылыми-фантастикалық әңгімелері төңірегінде. Баянымызды сабақтамастан бұрын қазақ әдебиетіндегі кенже жанрдың сыр-сипатына аз-кем тоқталған жөн шығар.
Фантастика. Аса қиын да, өте күрделі тақырып. Жалғыз ауыз сөздің аясы мейлінше кең. Бұл ұғымның қазақ санасындағы түйсік-түсінігі кенеусіз ауқымды, мақсат-мұраты шыңырау тұңғиық. Термин төркіні саналатын гректерде бұл атау – көзге елестету өнері дегенді түсіндірген. Осы тұрғыдан пайымдап, зерделер болсақ, қазақ халқының да ежелден арманшыл, ойшыл, қиялшыл екеніне көз жеткіземіз. Айғақ деректі аласұрып іздемей-ақ қояйық. Тілге тиек ретінде бабаларымыздың асыл мұрасы – қиял-ғажайып ертегілерін айтсақ та жетіп жатыр. Халық қиялынан туған хайуанаттар жайлы қиял-ғажайып, тұрмыс-салт ертегілерінде фантастика жанрының негізгі элементтері кездеседі. Бұған ең алдымен «Ер Төстік», «Қырық өтірік», «Керқұла атты Кендебай» тәрізді жауһар жәдігерлерімізді атар едік. Фантастиканың ғылыми жағынан дамып, қалыптасқанға дейін мифологиялық және діни шығармаларда орын алғанын көрсетеді.
Дүниедегі ең шапшаң, ең ұшқыр құбылыс – қиял.
1-мәтін
2-мәтін
Тақырыбы
Кімдерге оқуға арналған?
Қандай стильде жазылған?
Стильге тән тілдік құрылымдардан мысал келтіріңіз
2. Фантастика жанрын сүйіп оқитындардың тарапына айтылған мынадай сынның куәгері болып жүргеніміз жасырын емес: «Ертегі оқығанша, дұрыс ой салатын шығарманы оқы». Шынында, фантастика деген не? Бұл бағыт әдебиеттің нағыз шыңына шыққан классиктердің туындыларымен қатар тұруы тиіс пе әлде олар тек көңіл көтеру мақсатында жазылған шығарма ма?
Сауалға өз ойыңызды аргументтермен білдіре отырып, құылымы сақталған эссе жазыңыз.
Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі мен маңыздылығы туралы.
Еліміз бен халқымыз үшін 2017 жылдың 26 қазаны айтулы күн болып, есте қалды. Бұл күні Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойған болатын.
Бүгінгі жаһандану дәуірінде қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашатыны анық.
Елбасымыз кезекті жолдауларының бірінде "Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек" деген болатын. Латын әліпбиіне көшу тіл тазалығын қалыптастырады.
Латын әліпбиінің қажеттілігіне біздің көзіміз айқын жетіп отыр.
Бұған көршілес елдердің әліпбиі мысал бола алады: Түркия латын әліпбиіне 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО ыдырағаннан кейін ауысты.
Дегенмен, бұл мәселеде асығыстық танытпай, қоғаммен де талқылап, әліпбиді құрастыруда үлкен сауаттылық таныту қажет. Себебі ғылым мен техниканың талап етуі арасында тілімізге нұқсан келмеуі керек.
Қазақ жазуының тарихына тоқталар болсақ, 900 жыл бойы қазақ жерінде араб әліпбиі қолданылып келді. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, ол кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды.
Қорыта айтқанда, латын әліпбиіне көшу әлемдік ғылыми, тілдік кеңістікке кіру үшін қажет, сонымен қатар бұл серпіліс ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашатыны анық.
Объяснение:
-
Қазақстан экономикасының дамуындағы келесі қадам экономикалық реформалаудың келесі кезеңі 1996 жылдан 1998 жылға дейін кезең қамтылған 1994 жылы ұлттық валютаны енгізу болды. Осы кезеңде экономикалық өсу үшін инвестиция түсінігі және бағдарламаға макроэкономикалық тұрақтандыру және көшу кезеңін аяқтау міндетін құлайды. <br />
1997 жылы, ол еліміздің қоғамдық стратегиялық даму бағдарламасы жасалды халқына хатында Н. Назарбаев - «Қазақстан -. 2030» <br />
банкроттық құқық ;: тәуелсіздік жылдарында мұндай қабылданды ретінде мемлекеттік заңдар монополияға қарсы қызметінің; Бюджет жүйесі; Ұлттық Банк туралы; мұнай; салықтар мен міндетті төлемдер туралы; жекешелендіру туралы; тікелей инвестициялар, бағалы қағаздар нарығының және басқалар мемлекеттік қолдау туралы. <br />
Сондықтан 2001 жылдың сәуір айында бұл ақша «жария етуге байланысты Қазақстан Республикасының азаматтарына рақымшылық жасау туралы заң» қабылданды. <br />
Бүгін, Қазақстан «<br экономикалық даму, жоғары технологиялар, инновациялар мен білім негізіндегі өзіндік үлгісін құруға ұмтылады />