Тапсырма Берілген түпнұсқа мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Кестенің екінші бағанына негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктеп, ықшамдап жазыңыз. Түпнұсқа мәтін
Жинақы мәтін
«Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып, әр адам өз мінезін танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді», - деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әртүрлі әрекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стилін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз. Мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды. Сонымен қатар шиеленістерді шешуде, ұжымда жағымды психологиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет.
Мінез-құлқымен тығыз байланыста
Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақмұрыны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ, ол қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгересің. Бұл - адамды адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан әлдекімді бір көргенде-ақ, «Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымақ екен», «Күлкісі қандай жасанды», «Түрі қандай тұрпайы, өзі арсыз жан шығар», - деп те жатамыз. Әйтеуір адамның сыртқы келбеті не сүйсіндіреді, не одан жиіркендіреді, тіпті, таң-тамаша да қалдырады.
М.Сүлеймен
Бжб
Объяснение:
Егемен Қазақстан осы сөздерді естігенде менің көз алдыма алтын пырақты елтаңбамыз, көгімізде желбіреген көк байрағымыз, құлағымызда әуелеген әнұранымыз келеді. Біз тәуелсіз елдің болашағымыз. Біздің еліміз жылдан-жылға дамып, көркейіп, көптеген жеткістіктерге аз ғана жылдар ішінде қол жеткізіп келеді. Олардың барлығын тізбектеп айту мүмкін емес те шығар. Атап айтар болсақ,еліміздің қол жеткізген жетістіктерінің бірден-бірі Елордамыз Астана. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы.
Қазір Астананы армандап, аңсамайтын бала жоқ. Бәрінің арманы Астанада білім алсам, көрсем дейді. Астанада ЭКСПО өткенде қаншама қазақ теледидардан көріп ақ марқайып отырды десеңізші. Сол болашақтың қаласы үшін әр қазақстандық өз үлесін қоса білуі қажет. Үлес қосу үйдегі тәрбиеден, мектептегі білімнен, оза шауып, топ жаратын сайыстардағы алғырлығыңмен білінеді. Сенің біліміңмен еңбекқорлығың Қазақ елінің мәңгілік ел болып жалғасуына септігін тигізері сөзсіз. Болашақта еліміздің табысты, жемісті болуы оның табиғи байлығымен ғана емес, біздің бәсекеге қабілеттілігімізбен айқындалады
Эссе: «Астана – болашақ қаласы!»
«Астана осы сөздің тура мағынасында нағыз астанаға, тәуелсіз жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының астанасына айналады» демекші үлкен қанатының қойнына алып отырған Н.Ә.Назарбаев – бүркітіміз!
Еңселі Елорда, асқақтаған Астана. Бүгін біз осындай қасиетті сөздерді құрметпен, бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп, басымызды көтеріп, аса мақтанышпен айта аламыз. Себебі, Арқаның төрінде сылдырап аққан Ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз бүгінде 20 жылға толуда. Жас қаламыз – Астана, жылдан жылға көркейіп. еңсесі көтерілуде. Бұның бəрі қыран көкте самғап тұрған бүркітіміз себепші!
Астананы құру – ұлттық тарихтың жаңа мәтінін жазу. Мұндай мәртебе әр ұрпақтың маңдайына бұйыра бермеген. Екі мыңжылдықтың тоғысында Елбасымыз шешім қабылдап, Еуразияның жүрегінде іс жүзінде жаңа астана құрды. Қазақстанымыздың бас қаласы – Астанамыз ел көзінде көркейіп, жаһандануда. Біз еліміздің қаһарлы да айбынды жастары, намысты колдан бермей еліміз көркейуіне алі-ақ үлесін уйіп төгетін боламыз.
Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойынды ерекше бір асқақ азаматгық сезім билейді. Бізді, яғни, жастарды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман кала - жас каламыз – өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда.
Өзге ұлт күйресе де, жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан жаңа қаламыз ешқашан жойылмасын. Елдігіміздің еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз мәңгі жасап, қол жеткізген жетістігің молайып, жайнай берсін. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Астананың бедері мен әсемдігі, бір сөзбен айтқанда жаңа елордаға арналған менің ойларым мен істерім – бәрі-бәрі осында». Шыныменде Астана – болашақтың қаласы. Асқақтай бер Ару қала – Астана!
«Менің Қазақстаным – менің байлығым»
Қазақстан құт қонган азат мекен!
Жарасады өзiңдi ғажап десем!
Иеленген кең байтақ ен даланы.
Қазынаның барлығы қазақта екен!
Объяснение: