Тапсырма. Демеулік шылауларды табыңдар, мағыналарын анықтаңдар. (Найдите демеулік шылау, определите их значения.)
Мысалы: Еңбегім бар емес пе еді? – пе- сұраулық шылау.
-Еңбегім бар емес пе еді? Өзім ғана емес, жас балам анау,өзің атаған Бөрібасар қозышаң боп жүр ғой,-деді.
-Есесі кетіп жүр ме екен? Жерін алсам, жемін бермеуші ме едім?
-Қалқам-ай, мынау атыңның мінезі қалай өзі? Сақ болшы!-деді.
-А-ай, бәйбіше-ай, қаріп-қасердің көзін ойғаның осы ма?. Баламның адам атын алып, ит атын қойғаның сол екен ғой! - деп, шал түңіліп қозғала берді...
-Әбішім, жаңа заман елшісіндей болдың-ау!..
-Ой,Өтегелді-ау,жер астынан шықтың ба, жаным-ау? Сиқырың бар ма? Мүлде көрінбейсің ғой,-деді...
Бұл нәрсені білу қажет жәнеде біліп қана қоймай маған тоқуымыз қажет.
Абай 31-қара сөз
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
дегенде осыны естен шығармау қажет
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.