Тапсырма: "Дербес пікір жазу" тәсілін қолданып, мәтін мазмұны бойынша пікір жаз: Өзіндік пікір \идея\- бір сөйлем
Дәлел - екі сөйлем
Өз пікірін дәлелдейтін мысал - екі сөйлем
Өз пікіріне қарсы пікір - бір сөйлем
Қарсы пікірді жоққа шығаратын мысал - екі сөйлем
Қорытынды - екі сөйлем
Мәтін: Баяғыда бір саудагер, екі жылқысына ауыр жүктерін артып, көрші ауылдағы жәрмеңкеге сауда жасауға бара жатыр екен. Жарты жолға жеткеде, артындағы жылқы үстіндегі жүгін көтергісі келмей әкістеніп, өтіріктен ауырсынады. Саудагер, жылқым шаршайын деген екен деп жаны ашып, жарты жүгін алдыда келе жатқан жылқыға артып береді. Быраз жол жүрген соң жаңағы жылқы тағыда әкістеніп, қисалаңдайды. Сол кезде егесі жылқы үстіндегі барлық жүгін шешіп алып, алдында келе жатқан жылқыға артады. Ал алдыңғы жылқы болса, үстіне қанша ауыр жүк артылса да былқ етпей, аяғын нық басып, ауырлыққа шыдап жүре береді. Быраз жолдан кейін жүктен босатылған жылқы, артта келе жатып тырқылдап күліпті. Бұны естіген алдыңғы жылқы:
-Неменеңе мәзсің? Қазыр ғана өлейін деп келе жатыр едіңғой,-депті
Сонда әкіс жылқы:
-Эхх досым-ай, қиындыққа қаншалықты төзіп, шыдай берсең, соншалықты сені ел қинай береді. Осындай қиын сәттерде мен сияқты амалын тауып, құтылып кетпесең, өмірің осылай азаппен өтеді -депті.
Сөйтіп, быраз уақыттан соң діттеген жәрмеңкеге де жетіп, саудагер бүгіл тауарын сатып болғасын, үйіне қайтайын деп жиналыпты. Екі жылқысын да бірдей суарып, жемін береді. Сосын, ұзақ жолға шыдамды екен, ауыр жүкті арқалағанға төзімді екен деп бүткіл ауырлықты арқалаған жылқысын қайта ерттеп мініп алады. Осал жылқысына қарап тұрып ішімен былай ойлапты:
-Егер екі жылқы көтеретін жүгімнің бәрін бір жылқы көтере алатын болса, онда екінші жылқыны артық қылып қайтем,-деп әкіс жылқысын соқаға жылқы артып, жер жыртатын шаруаға сатып жіберіпті
1)Өзіндік пікір \идея\ : Менің ойымша әкіс жылқының ісі дұрыс болмады.
2)Дәлел : Өйткені бұл еріншектікке жатады. Ал ерішекттіктен сен өз мақсатына жете алмайсын.
3)Өз пікірін дәлелдейтін мысал : Мысалы екінші жылқы еңбектенді. Соның арқасында оны сатып жіберген жоқ.
4)Өз пікіріне қарсы пікір : Әкіс жылқы ерінгеннен аз іс жасады.
5)Қарсы пікірді жоққа шығаратын мысал : Қарсы пікірді жоққа шығаратын мысал : Ерінсен сені келесі саудагерде сатып жіберуі мүмкін. Сондықтан еңбектеніп мақсатына жете аласын.
6)Қорытынды : Қорытындылай келсек, әкіс жылқы саудагерге керек болмай қалды. Сол кезде ол өз қателігін түсінді.
Объяснение: