Тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. А санаулы ғана жылдардың ішінде ғарыш кеңістігін игеруде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ғарыш технологияларының ғылымға, техниканың дамуына игі ықпалын тигізіп отырғаны сөзсіз. Осы уақытта орбитада мыңдаған жерсеріктері ұшып жүр, Олар адамзат үшін қажетті аса маңызды стратегиялық міндеттерді орындауда. Ғарыш аппараттары Айға және Венераға, Марсқа ұшып, түрлі зерттеулер жүргізуде. Қазіргі заманғы жоғары технологиялардың барлығы да ғарышпен байланысты, Осы орайда ғарыш саласында өзіндік үлесі бар ел ретінде Қазақстанның да өзіндік мақсаттары болуы шарт. Қазіргі жағдайда мемлекеттердің ғарыш саласын игерудегі көздеген мақсаты әртүрлі болып отыр. Мәселен, Иран Ислам Республикасының ғарыш саласы негізінен мемлекеттің әскери қорғаныс саласын, әс-кери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негіз-делген. Ал Ресей, 41 АҚШ, Қытай сынды бір-қатар елдер бірнеше бағытта қатар жұмыс жасай береді: байланыс саласы, әскери қорғаныстық, ғылыми-академиялық зерт-теулер мақсатында. Ал көптен бері ғарыш-тық держава атануды өзіне мақсат етіп қойған еліміз Қазақстан ғарыш саласын-дағы барлық қ бағыттары бойынша бірдей күш жұмсай алмайды. Себебі бұған өте ауқымды қаржылық ресурстар қажет болар еді. Жалпы, капиталистік заманда кез келген тақырыпқа романтикалық қа-рым-қатынаста болу мүмкін емес. Яғни кез келген ел «ғарыштық держава» деген жа-лаң атақ үшін ғана бекер шығындала ал-май-ды. Сондай-ақ еліміз дәл қазіргі жағдайда ғылым-білімнің ғарыш әлемін танып-білуге деген құштарлығы үшін салық төлеушілердің қалтасынан жиналған қаржыдан миллиардтар бөле алмайды. Әзірге ғарыштық ғылыми жобалар үшін қомақты қаражат құю төрт құбыласы түгенделген, дамыған мемлекеттердің қолынан келеді. Онда да әрбірінің емес. Ендеше, Қазақстанның ғарыш саласы үшін Марс пен Венерада не болып жатқаны, «Күн системасында қандай ауытқулар бар», «өзге ғаламшарлар мен жатпланета-лық-тар бар ма» деген секілді сұрақтар уа-қыт-ша қызықтырмауы керек. Демек, Қа-зақ-стан ғарыш саласын дамыту бары-сын-да негізінен өз жерімізді зерттеу мәсе-лесіне көп икемделгені дұрыс. (255 сөз). https: //qa.bilim-all.kz/571 1-тапсырма. Мәтіннің жанрлық ерекшелігін анықтаңыз. Кестені толтырыңыз. Мәтін қандай жанрда жазылған? Мәтін қалай рәсімделген? Мәт Мәтіннің құрылымы қандай? Қандай жанрлық ерекшеліктер байқалады?
Тілді бір адам ғана жасамайды және әркім өз білгенінше сөйлей бермейді. Тіл өзі қызмет ететін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті болуы керек. Ондай жалпыға ортақ тілді әдеби тіл дейді. әдеби тілдің тұрақты нормалары болады. Сол нормалар арқылы да әдеби тіл көпшілікке түсінікті әрі бәріне ортақ болып келеді. Көркем әдебиет тілі, ғылыми әдебиеттер тілі, ба з тілі — бәрі де әдеби тілде жазылады. Тілді әдеби етіп тұратын нормалар әр түрлі. Лексикалық норма — сөзді мағыналарына сәйкес қолдану, грамматикалық норма -грамматикалық тұлғалардың орынды жұмсалуы, фонетикалық норма — дыбыстардың дұрыс қолданылуы.
Иә, сонау заманнан беріге жеткен бұл сөздің мағынасын бәріміз білгенмен, құрамындағы сандарға баса назар аудармайтынымыз жалған емес. Сөзді оқып "алты адам сөзге келсе – істің қайыры болмайды, ал, төрт адам біріксе – тасы жеті қат жер астында жатқан қамалды да алады" деп ұғынуымызға болады. Дегенмен, аталы сөздің астарына үңіліп, нақты не түсіндіргісі келгенін білуіміз шарт. Алты саны – біз үшін Алаш сөзімен үндес. "Алаш" қалың қол, мыңды білдіреді. Яғни, көпті, жүз үй адамын, бүтіндей бір қазақты меңзейді. Демек, бұл сөзде "алты саны" санның, мөлшердің емес, сөздің мәнін түсіндірді. Енді, "төрт" санына назар аударсақ, бұнда – тек бір үй мүшелерін айтқысы келген. Мысалы, бір шаңырақта төрт адам болса – атасы, енесі, келіні, отағасы, баласы. Міне, бұл – бір шаңырақ астындағы төртеу дегенді білдіреді. Төртеу – бір үйден асып әріге бармайды. Алтау – ол көп. Мың болуы мүмкін, он мың болуы мүмкін. Алтаудың түгелі – Алаштың тыныштығы, берекесі, ынтымағы. Ал, төртеудің түгелі – шаңырақтың берігін білдіреді.