Тапсырма Венн диаграмма. Екі өлеңді салыстыр
1. Асау Ертіс ноқта ілді, тағаланды,
Сусындатпақ шөлдерді, далаларды.
Ертіс құлап келеді, сүйінші бер
Сүйінші бер, сүйікті Қарағанды!
Армысың, аты әйгілі Қарағандым!
Жылуым, қара алтыным, қара наным.
Кімдердің пальмасынан артық маған,
Бозарған көде, жусан, қарағаның.
Балқаш пен Жезқазғанды екі жаққа ап,
(Алдында екі ініңнің бетің аппақ)
2.О,Жетісу
Сандық тау, сандал белім,
Шоқтығы есіп, жал бітіп, жанданды елің.
Күнім туды көгінде самғар менің,
Алатаудан биікпін демеуші едім,
Әттең шіркін, ғарышпен жалғар ма едім!
Жетісуым - жеті құт, ырыс маған,
Барша халық баурында тыныстаған.
Араласып әрбір ұлт достасып жүр,
Аралассын, Адамдар туыс маған,
Алакөз боп, құстана ұрыспаған.
Байлықты айтып несіне мақтанамын,
Балақ, қойнын несіне ақтарамын,
Жетісудың байлығын білмек болсаң,
Бір уыс топырағын ап қарағын.
ОбъАбай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]яснение:
1 Абай туралы не білесіңдер?
Объяснение:
Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын, ойшыл, саяси қайраткер және біздің еліміздің тарихында үлкен із қалдырған адам. Ол әдебиеттің дамуына ғана емес, сонымен бірге Қазақстан, Ресей және басқа да Еуропа елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға үлес қосқан. Абайдың өмірбаянынан алынған мәліметтерді ұсынамыз.
Тобықты руының отбасында дүниеге келген. Шын есімі – Ибраһим. «Абай» деген атты, оның анасы Ұлжан қойған. Ибраһимнің әкесінде (Құнанбайда) 4 әйел болған. Ал, ақынның өзінде 3 әйелден болды. Алғашқы әйелі Ділдә – атақты Қазыбек бидің шөбересі. Оны сөз өнеріне ерте баулыған адам – әжесі Зере. Ол немересінде білімге деген сүйіспеншілік пен құштарлықты оята алды. Зере ауызша баяндаудың керемет шебері болған және ертегі мен әңгімені қызықты айта білген. Сондықтан, Абай әжесін қатты жақсы көретін.