ТЕКСТ ЗАДАНИЯ Мәтінді мұқият оқып, қойылған сұраққа жауап бер.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.
Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық.
Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақ жаулық, үшінші байлық - он саулық Қазақта айтылған әрбір сөздің, әрбір мақалдың мағынасы өте зор болып келеді. Байлықтың түрі көп, дегенмен ең бірінші байлық ол денсаулық. Деніміз сау, жан-жағымыз аман болса одан асқан байлықтың керегі жоқ. Ақшаға бәрін сатып алуға болады, дегенмен денсаулықты сатып ала алмайсың. Денсаулық ешқандай ақшаға айырбастамайтын, байлықмен теңелмейтін әр адамға берілетін сыйлық деуге болады. Сондықтан суық күндері жылы киініп, тамақты уақытында ішіп, спортпен жиі айналысып салауатты өмір салтын ұстану керек.
денсаулық жақсы болу үшін үйді таза үстай керек таза ауага шыгу керек айнаны ашу керек кымилдау керек