Тирми. тодор. түсінгендыя
біз жылда «отбасы күнін» шағын мейрам ретінде атап өтеміз. «отба-
сы күні» қыркүйек айының екінші жексенбісінде болады. бұл күні отба-
сы мүшелері, ағайын-туыс үйге жиналады. біз бір-бірімізге сыйлықтар
береміз. осылайша, бір-бірімізге қуаныш сыйлаймыз. әкем анам мен
әжеме гүлшоқтар береді.
анам мерекелік дастарқан жаяды. мен суретке түсіремін. отбасылық
мереке қызықты өтеді. атам: «отан отбасынан басталады. отбасын жақсы
көретін отанын да жақсы көреді», – дейді. әкем — отбасының тіре-
гі, анам - отбасының берекесі. ағайын-туыстарымыз – біздің жақын
.
плез !
Әлемді тербеткен мейірім
Әлемді тербеткен мейірім ол ана деп ойлаймын. Себебі аналар бұл әлемдегі ең жанкешті жандар. Сәбиін туғаннан ұйқысын төрт бөліп, күндіз-түні қараумен болады.
Жұмақ аналардың аяқ астында деп бекер айтылмаған шығар. Бірде Мұхаммед пайғамбардан кімге жақсылық жасайын деп сұраған кісіге “Анаңа” деп жауап қатыпты. Келесі де бір рет сұрағанда тағы да “Анаңа” деп береді. Үшінші рет сұраған кезде де дәл сол жауапты алады. Одан кейін ғана “Әкеңе” деп айтқан екен.
Бұл жерден аналардың қадір құрметінің орнын түсіне аламыз. Аналар баласы өсіп кетсе әрқашан оларға бар жақсылықты тілеп отырады.
Менің жазғы демалысым.
Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол – барша әлемді шарлау. Әзірге осы арманыма ата - анамның арқасында бір адым жақындадым десем де болады, себебі біз биыл отбасымызбен жазғы демалысқа Түркия еліне аттандық. Бұл менің алғашқы шетелге саяхатым болды. Бауырлас Түркия елі бәрімізге ұмытылмас әсер қалдырды. Біз Стамбул қаласына дейін ұшақпен жетіп, әрі қарай арнайы автобуспен қонақ үй орналасқан Анталия қаласына келдік. Айта кететін бір жайт, Түркияның жолдары тегіс, әрі автобустың өзінде ұшақтағыдай арнайы адамдар жұмыс істеп, тіске басар мен түрлі сусындар тарататыны ерекше әсер қалдырды. Сонымен біз Жерорта теңізінің жағасында орналасқан бес жұлдызды қонақ үйімізге де келіп жеттік. Бөлмеміз кең әрі жарық, ішінде керекті заттардың барлығы табуға болады. Ішетін тамағымыз тегін болды. Балаларға арналған арнайы бассейн мен алаңдарда армансыз ойнап, теңіз суына түсіп, күнге де біраз күйдік. Демалыс уақыты әп – сәтте өте шыққандай болды. Отбасы мүшелерінің барлығы демалыстан оң әсер алды.
Бұл шетелге шығудың бастамасы ғана деп білемін. Алда әлі сапарларымыз көп болғай!