только отвечайте в тему.
өлеңді мұқият оқып шық.
Бір тойым бар
Бір тойым болатыны сөзсіз менің,
Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
Бірақ...бірақ...
Ешкімді де билетпей қайтармаймын.
Онда ортаға тасталар ұран сондай:
Қайта алмайды қартың да бір ән салмай.
Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам,
Кемпірлерге қыз күнін сағындыртам...
Сәбилерге ағаны үлгі етемін,
Жеңгейлердің толтырам гүлге етегін...
Т.Айбергенов
1 тапсырма. «Негізгі бес сұрақ» әдісі
Берілген сұрақтар бойынша жауап беріңіз.
1.Өлең не туралы?
2.Той қашан болады?
3.Тойдың ұраны қандай?
4. Қарттарға нені сағындыртады?
5. Сәбилерге кімді үлгі етеді?
2-тапсырма. Өлеңдегі тірек сөздерді тауып, негізгі ойын анықтаңдар. (1 2 3 4 5)