ТУҒАН ТІЛІ – мәңгі өнеге айдыны, ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДӘСТҮРІ – тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі,
Және ТУҒАН ТАРИХЫ,
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!
Адамға ең бірінші туған жері болу керектігі
Адамзат үшін қасиетті төрт ананың болуы
Салт-дәстүрі болмаса, оның өзі де
болмайтындығы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба және Әнұран. Мемлекеттік ту көгілдір түсті. Ол –ашық аспанды білдіреді. Күн- баянды өмірдің белгісі. . Қыран құс – бостандық белгісі. Тудың
сол жағында ұлттық ою-өрнек бейнеленген.
Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков. Елтаңбада шаңырақ, уықтар, қанатты тұлпарлар және жұлдыз бейнеленген. Шаңырақ – Қазақстан халқының ортақ үй ,уықтар – халықтар достығын белгілейді. Қанатты тұлпарлар мен масақтар – байлық белгісі. Бес бұрышты жұлдыз – бақытты өмірге жол сілтеуші. Елтаңбаның авторлары: Шота-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.
Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік», - деген. Демек, салт-дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Ұлттық тәлім, салт-сана сабағы адамгершілік тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер осы жол арқылы дарыған. Батыр жазушы Б.Момышұлы Ұлы Отан соғысы жылдарында: «Мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен солдаттың басында жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде халықтардың басынан өткен жауынгерлік жолдары мен ұлттық дәстүрлердің маңызы зор екеніне көзім жетті», - деп жазды. Олай болса, әдет-ғұрып – қазақ халқының мызғымас заңы деп қабылдаған жөн.
Объяснение:
если неправильно то сорри