Тыңдалым. 3-тапсырма. Мәтінді тыңдап, оқшау сөздері бар сөйлемдерді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жаса. Қиял дегеніміз - төбеміздегі көк зеңгір аспан секілді де, адам ойы - сол қиял аспанында шарқ ұрған қыран құс секілді. Егер адамның қиял әлемі соншалықты кең болса, оның ойы да қыран құстай неғұрлым алыстарға самғап ұша алады. Демек, бүгінгідей бәсекелестік өріс алып отырған заманда, жаңа туған жас нәрестенің бойына қиялдай білу қасиетін молынан дарытуға ұмтылу - әрбір ата-ананың парызы. Сіз балаңызға осы қасиетті дарыту арқылы ғана оның болашағының үлкен бір бөлігін қамтамасыз ете аласыз. Өйткені, баланың қиял әлемі барынша кең болса, оның арманы да соған сай асқақ болмақ. Егер баланың арманы барынша асқақ болса, әрине, ол өз алдына соған сай биік мақсат қоя алады. Оның мұндай қыры, көбінесе, бозбала шағынан бастап ашыла бастайды. Егер бозбаланың немесе бойжеткеннің алдына қойған мақсаты биік болса, оның өмірге, сонан кейін өзіне қояр талабы да соншалықты мығым болмақ.
Сравнительная степень
Салыстырмалы шырай
если конечный суффиксы примеры
звук слова
гласный -раќ ќысќа+раќ короче
-рек кiшi+рек поменьше
согласный -ыраќ аз+ыраќ маловато
-iрек ‰лкен+iрек побольше
гласный или -лау ќара+лау чернее
сонорные р, й, у -леу кiр+леу грязнее
звонкие согласные -дау аз+дау маловато
или сонорные н, њ, л -деу кењ+деу пошире
глухой согласный -тау суыќ+тау холоднее
-теу кеш+теу попозже