ТЫҢДАЛЫМ 3-тапсырма. Мәтінді тыңдап, түсінгеніңді айт. Мақал-мәтелді есіңде
сақта.
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС
ТЫҢДАЛЫМ. ОҚЫЛЫМ
-тапсырма. Мәтіндерді оқы. Салыстырып, мазмұндық жағынан қандай
айырмашылығы мен ұқсастығы барын айт.
І. «Қазақстанның Қызыл кітабына» сүтқоректілерменқосмекенділердің
бірнеше түрі енген. Сүтқоректілерге елік, бұлан, құлан, сілеусін, жолба-
рыс жатады.
ІІ. Бұлан — бұғылардың ең ірі түрі. Басқа бұғылардан ерекшелігі
бұлар топпен емес, жалғыздан жүреді. Биіктігі 2 метрге жетеді, салмағы
600 кг-дай. Түсі қыста қара қоңыр, жазда қоңырқай болады, басы мен
аяғы ақшылдау. Қазақстанның Жайық пен Ертіс маңында, Алтай-
да кездеседі. Аталықтарының үлкен күрек тәрізді мүйіздері болады,
аналықтарында мүйіз болмайды. Жазда шөппен, қыста бұтақ, ағаш
3 ТАПСЫРМА
Махамбет ақын намысты оятатын, жігерлі жырлары арқылы елді қарулы күреске шақырды. Сондай жалынды өлеңдерінің бірі – «Мен, мен, мен едім» толғауы. Оны әйгілі Баймағамбет сұлтанға арнап айтқан. Жалпы, ақынның халық қамын ойлап-толғаудан туындаған патриоттық идеялары осы Баймағамбетке айтқан өлеңдерінен айқын аңғарылады. Махамбет «Мен, мен, мен едім» толғауында қоныс-мекенінен айрылып, жерсіз қалған елге атамекенін қайтарып, «жағалай жатқан сол елге мал толтыруды», «Қара қазан, сары бала қамы үшін» қолға қару алып күреске шығып, «Қара қазақ баласын хан ұлына теңгеруді» мақсат еткенін тебірене жырлайды. Исатай-Махамбет бастаған көтерілістің де түпкі идеясы осы еді. Махамбеттің «Арқаның қызыл изені-ай» өлеңін академик Қажым Жұмалиев 1938 жылы халық арасынан жазып алған. Туындыда ел ішіндегі ынтымақ-бірлік, адамгершілік-кісілік мәселелері қозғалады. Насихат, үлгі-өнеге сарынында шығарылғандықтан, халықтың кейбір келеңсіз мінездері мен қасиеттерін сынға алады. Мысалы, ««Кәрісі кімнің жоқ болса, Жасы болар дуана» деп, ақыл-кеңес беріп, кезегі келгенде өзінен шыққан тентек-бұзақыларды тыйып отыратын ақсақалдың, ауыл ағасының азайып бара жатқанына өкініш білдіреді. Тегінде тәрбие көрмеген кейбіреулерден «Бір сынаған жаманды, Екіншілей сынама!» деп түңіледі. Соңында «Тірісінде сыйласпаған ағайынды өлгенде құрметтеудің қажеті шамалы» деген түйінді ойға тоқталады.
Өткен жұмада деген досым екеуміз хайуанаттар бағына саяхатқа барғанбыз. Ол жерде ине шаншыр орын жоқ екен. Досым екеуміз бір шетінен бастап аңдарды қарай бастадық. Алдымен бірінші торда қолдарына білезік таққан қос маймыл отыр екен. Жанымыздағы адамдардың айтуынша Африкадан әкелінсе керек. Әрі қарай жүре берегенімізде сусар мен тасбақаларды көрдік. Бұл тасбақалар әлдеқайда үлкендеу екен. Бүркіт, сұңқар, бірқазандарда темір тордың ішінен орын алыпты. Сөйтіп келе жатқан екеуміз бір қызыққа ұшырастық. Әдетте ерсілі-қарсылы ұшып жүретін қарлығашты бір жігіт бұлбұлдай сайраттырып отыр. Қазақ киелі санаған құстың жез таңдайлығына қайран қалдым. Иелерінің айтуынша алдағы уақытта піл мен көкқұтан әкелінбекші екен. Міне, біздің саяхатымыз осылай аяқталды.