Тыңдалым мәтініндегі етістіктерді топтап, кестеге жазыңдар. Салт етістіктер
Сабақты етістіктер
Қара күштің иесі атанған бабамыз теңдессіз өнерімен жер
шарының 24 мемлекетін аралап, 48 медаль олжалаған
екен. XX ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде
Қажымұқандай мықты тек қазақта ғана болды.
Алып күш иесінің тұңғыш рет әлемдік деңгейдегі көрінген
шағы 1906 жыл еді. Алманиядағы (Германия) дүниежү-
зілік сайыста әлем чемпионы атанды.
Орхон-Енисей жазбалары – Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдениетімен тарихы тұрғысынан баға жетпес құнды дүние.Орхон жазбаларында Түрік қағанаты дәуіріндегі елдің білім, дүние танымы, түркі халықтарының тарихы мен тағдыры, қарым-қатынастары, жеңістері мен өкініштері, отаншылдық, ерлік, бірлік, намыс туралы түсінігі, наным-сенімі тәуелсіздік аңсары, осы жолдағы атқарған қызметтері жазылған. Жырларының негізіне түрік руларын біріктіру, нығайту, сыртқы жаулардан қорғау идеясы алынған.Орхон жазбаларының ең бастысы- Күлтегін.Күлтегін ескерткіші Түркі халықтарының баға жетпес мәдени байлығы. Ескерткіштің моделінің 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттiк Университетiнiн бас ғимаратына орналастыруы Қазақ халқының арғы аталары Көне Түріктердің төл жазбаларының қаншалықты құнды мұра екендігін дәлелдей түседі.
Ауыз әдебиетінің бағы заманнан ескірмей ұрпақтан–ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы — батырлар жыры. Бұл жырларды жыршы–жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбырыға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақбатырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат-мұраты — халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының көпшілігінде халықтың түбегейлі мұң-мүдесі көкселеді. Батырдың халыққа қамқоршы болу арманы, сол жолдағы іс-әрекеті жырлануы арқылы оның өз-үй ішіне, өз руына деген сүйіспеншілігі, де айқындалады.Батырлар жырларынан ерте замандағы баласы жоқ қарттың, бастаушысы жоқ елдің басқадан жәбір-жапа көретіні де танылады. Басқыншылардан қорғайтын батыр жайлы жырлар ел қиялында осындай зарығу, торығу тұсында туады. Мұндай батырды халық қартайған ата-ананың амандығы үшін қажет деп біліп, оның көршілес рулармен де күш біріктіруін көздейді. "Алпамыс батыр”, "Қобыланды батыр”, "Ер Тарғын”, "Қамбар батыр” сықылды қазақбатырлар жырларында қалмақ, моңғол басқыншыларының шабуылы баяндалып, қазақбатырларының сол күрестегі ерлігі жырланады. Олардың отаншылдығы мен адалдығы, уәдеге беріктігі зұлымдық пен қиянатқа қарсы қойылады. Әрине батырлар жырындағы оқиғалардың тарихпен жанасымы өзінше болады.