В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История

Тыңдалым
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Махамбет Өтемісұлы — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Махамбет — халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімді адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады.
Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы — Исатай Тайманұлы. «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды. Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға шақырды. Махамбет жырлары дәуір шындығын бейнелеп, көтеріліс айнасы болып қана қойған жоқ, асқақ рух пен болашаққа деген сенімнің ерекше үлгісін көрсетті. Махамбет жыраулық поэзия дәстүрін шебер дамыта отырып, қазақ өлеңінің табиғатын жаңартты. Махамбет шебер күйші де болған, оның 11 күйі «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарық көрді (1982). Ақын өлеңдерінің халық арасына тарауына Ш.Жарылғапұлының атқарған рөлі зор. 1939 ж. Қ.Жұмалиев Махамбет өлеңдерінің жинағын шығарды.
Ақынның 200 жылдық мерейтойы аталып өтіп (2003), 4 томдық жинағы жарық көрді.

1-тапсырма. Берілген мәтінге 4 сұрақ құрастырыңыз

Показать ответ
Ответ:
mishasviderski
mishasviderski
18.12.2022 05:33
Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды.
Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын. Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Алдымен пайдалы жақтарын атап өтейік:
- Кез келген құжатты басып, шығару мүмкіндігі.
- Ғаламтордан қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі.
- Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі.
- Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.
Дегенмен ғаламтордың пайдасы мен қатар, зиянды жақтары да аз емес.
Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.
Одан кейінгі келтіретін зиян - ол уақыттың қадірін білмей, компьютерда отыратын уақытты тиімсіз пайдаланып, оның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Оның орнына пайдалы іспен айналыссақ болар еді. Мысалға, кітап оқысақ, нұр үстіне нұр болар еді. Мұны "ғаламторға тәуелділік" деп айтсақ та болады.
Сонымен қатар ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді.
Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.
Менің ойымша қаншама уақытты компьютерлік ойын ойнаумен өткізгеннен гөрі, сол уақытты спорттық ойындарға арнасақ, денсаулығымызға пайдасы зор болмақ.
Дегенмен де, менің ойымша ғаламтордың зиянынан пайдасы көбірек деп есептеймін. Бірақ мен өз денсаулығыма алаңдаймын, сондықтан ғаламторды тек қажет уақытында пайдалану туралы дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын.
0,0(0 оценок)
Ответ:
ekaterinavarfo
ekaterinavarfo
02.08.2022 20:57

Бұл сала кез келген елдің әлеуметтік және эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да…) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі.

Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі — оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болаты.

Объяснение:

Электр энергиясын есептеудің жеке құралы (ЖЕҚ) өлшеуге арналған және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал; тұтынушылардың электр энергиясын есептеу құралдары энергиямен қамтушы мекеме өкілдерінің еркін қолжеткізімді орындарда орналасуы керек.

Пломбалау құрылғысы (пломба, пломбалау тросы) - бұл рұқсат етілмеген қол жеткізімді бақылау жасауға мүмкіндік беретін құлыпталатын механизмі бар бір реттік пайдаланылатын құрылғы.

Электр энергиясын есептеу схемасы - берілетін және тұтынылатын электр энергиясына есеп шығару үшін санауды қамтамасыз ететін электр энергиясын есептейтін құрылғылардың нақты электр торабы..

Электр энергиясының ток қабылдағышы -электр энергиясын қабылдауға және пайдалануға арналған құрал немсе құрылғы.

Электр энергиясын коммерциялық есептеу схемасын тексеру есептеу құралдарының жай-күйі мен қосылу схемасын тексеру мақсатында энергиямен қамтмасыз етуші мекеме өкілдерінің тұтынушының қатысуымен жүзеге асыратын іс-шаралары.

ЖЕҚ тексеру - энергиямен қамтушы және (немесе) энергияны жеткізуші мекеме өкілдерінің тұтынушының есептеу құралдарын тексеру мақсатында, сондай-ақ тұтынушының энергиямен қамту келісім-шартының талаптарын орындауын анықтау үшін жасалады және бекітілген тәртіпте сәйкесінше актпен рәсімделеді. Акт энергиямен қамтушы және энергияны жеткізуші мекеменің өкілдерінің және тексеру өткізілген тұтынушының, не оның өкілінің қолы қойылған жағдайда заңды болады. Акт тұтынушы қол қоюдан бас тартқан жағдайда да заңды деп саналады, бірақ мұндай жағдайда актіге энергияны жеткізуші мекеме өкілдерінен және (немесе) кондоминиумды басқару органының өкілдерінен тұратын 3 адамнан кем емес құрамдағы комиссия қол қоюы керек. Даулы жағдай шешімін таппаған кезде мәселе сот арқылы шешіледі.

Коммерциялық есептеудің ЖЕҚ тексеру - есептеу құралдарының бекітілген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін анықтауға және растау мақсатындағы мемлекеттік метрологиялық қызметтің немесе басқа да заңды тұлғалардың жүзеге асыратын іс-шаралары.

Тексерудің оң нәтижелері тексеру таңбасымен расталады, оны өлшеу құралына және пайдалану құжаттамысы мен тексеру сертификатына басылады

ЖЕҚ тексерудің нақты уақыты өлшем құралдарын өндіруші-зауыт берген паспортында көрсетіледі

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота