В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
ано6
ано6
08.01.2022 13:23 •  Қазақ тiлi

Тыңдаушыға әсері әртүрлі болатындай етіп түрлендіріп айту интонацияның қай құрамдас бөлігіне тән екенін тап. А) қарқын
B) әуез
C) әуен
D) кідіріс
E) қарқын мен әуез​

Показать ответ
Ответ:
sahabg
sahabg
27.07.2020 09:38

Объяснение:

Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала). Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.

Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Фарабидің дүниетанымының қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми дәстүрлері мен философиялық бағдарлары өз әсерін қалдырды. Бағдадта әл-Фараби ғылым мен әртүрлі пәндерді оқиды. Білімге деген құштарлығының арқасында әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз деректерімен танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады.

Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында "Екінші Ұстаз" атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат" деп аталады. Оның атақты “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.

Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "Категориялар", "Метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" және т.б көптеген еңбектеріне түсініктемелер жазды.

Әбу Насырдың Платон және Аристотель философиясындағы идеяларға арналған кітабы оның философия саласындағы аса көрнекті ғалым екенін әрі философия пәнін терең меңгергенін дәлелдейді. Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да “Кемеңгерлік меруерті”, “Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің түп мазмұны”, “Ғалымдардың шығуы”, “Бақытқа жету”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері” сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. Фараби бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар айтады.

Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды.  

Тарих

Әбу Насыр әл-Фараби

Әбу Насыр әл-Фараби өмірбаяны

0,0(0 оценок)
Ответ:
infaitile
infaitile
06.02.2021 16:09

Әкешім-мақатышым,менің алтын қазығым.Мен әкемді жақсы көремін.Әке мен үшін ең асыл ,дара тұлға.Мен өзімінң жан әкеммен мақтанамын.Өйткені менің әкемдей әке кемде-кем шығар бұл дүниеде.Мен әкемнің мақтанышымын.Әкем маған әркез қызым,сен менің ең асыл баға жетпес байлығымсың деп отырады.Сондықтан да мен әке сөзін жерге тастамай ақылды,сабақта озат болуға талпынамын. Мен озат оқушымын.Сыныпта ең белсенді баламын. Әкемнің сеніммімен алға жылжып,тек алда болу басты мақсатым деп санаймын. Әкешім-жан жүрегім.Әрбір бала әке тәрбиесімен сусындап өседі.Әке жүрегі балаға тек мейірім мен шынайы әкелік махаббат пен қамқор береді.Сондай жанашыр әке менің әкем.Менің әкем маған әркез қол ұшын беріп,менің әрбір сөзімді,ісімді қолдап,қолпаштап отырады.Кей-кезде мен өз сырымммен бөлісемін.Мысалы мен тоқыма түрімен әуестеніп,әлеуметтік желі арқылы өзім үйреніп алдым.Сол кезде маған сенім білдірген әкешім еді.Қызым сенің қолыңнан келеді,тек алға деп маған шабыт берді.Маған керек жіптерімді сатып әкеп берді.Әкешім менің жан досым.Өйткені менің нағыз қамқорым,досым жан әкем. Әкеммен ақылдаса отырып,анамының туған күніне,мерек күндері бірлесіп,сыйлық жасаймыз.Әкем маған демеушілік көрсетіп,қолдап отырады.

Әкем маған әркез бала деген балалық шағында құмар ықанғанша ойын ойнау керек дит.Өйткені бала болып,ойынды көп ойнасақ,біздің ой-өрісіміз дамиды деп түсінемін.Алаңсыз балалық шақты жақсы өткіз дит.Әкең бар,анаң бар,бауырларын бар ,сондықтанда сенің жарқын болашағын алда деп отырады. барлық ата-ана баласына осындай жақсылық тілеп отыратын шығар.Өйткені әрбір ата-ана өз болашағы үшін аянбай еңбек етуде.Әкешім-асқар тауым,кемеңгерім,-деп ақын жырлағандай әр баланың әкесі өзіне жақын,өзіне ыстық.Мен әкемнің қызымын.Менің әкем ең жақсы адам деп айта аламын.Өйткені әкешім-мақтанышым.Әкешім-дара тұлға деп білемін.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота