Уақыт – ң өмірі. біз өмірге келгеннен бастап, уақыт сағаты іске қосылады.
қ шақтағы әрбір қ да осы уақытқа кіреді. қазақтың заңғар жазушы-
сы – мұхтар әуезов: «жұмысың өнсін десең, өткенге өкінгің келмесе, әр минутыңды
ұқыпты пайдалана біл», – деп, өсиет қалдырған. осы өсиетті қалай орындап жүрміз?
біз қазір мектеп оқушысымыз. жасымыз 12-13-те. бұл — «өміріміздің 12 жылы өтті
деген сөз. осы жылдарды біз қалай пайдаландық. ойланып көрші! осы уақытқа дейін
не үйрендік! қандай жақсы істер орындадық? уақытымыз босқа өтіп жатқан жоқ па?
сабақты қалай оқып жүрміз? ата-анамыздың айтқан ақыл-кеңесін толық тыңдап журмia
бе? мектепте қандай жақсы істер істеп жүрміз? өзімізден кіші ға қандай үлгі
өнеге көрсеттік? мені осы сұрақтар толғандырады. ал сені ше? сен осы сурактар
лы ойланып көрдің бе? «уақыттың бос өткені – өмірдің бос кеткені» деген
біздің өміріміз босқа өтіп жатқан жоқ па? сен не дейсің? сын есімдерді тауып сөйлем құра
Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда. Осылайша мектеп табалдырығын аттаған күнімді көз алдыма әкелсем, бүгінгі білім ордасымен, санаптас достарыммен қоштасар сәттің жақындағанына да сене алмай қаламын. Әредік орта мектепті бітіруге санаулы ғана күн қалғанын, сыныптас достарымызбен жан-жаққа, Қазақстанның түкпір-түкпіріне білім іздеп кете баратынымызды, балалықпен қоштасуым тиіс екенін ойласам бітті – жүрегім атша тулап, қобалжып қоя береді. Енді әне-міне дегенше сүрлеу-соқпағы көп өмірдің үлкен белесіне аттанбақпын. Мен – жас түлекпін алға ұмтылған. Жас түлек – болашақ үлкен мамандық иесі, өмір атты керуеннің бір жолаушысы. Қалаған мамандығымның соңына түсіп, өмір-керуен қайда жетелесе – сонда жол тартпақпын. «Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп қазақтың дара тұлғалы ақыны Абай атам айтпақшы, өмірден өз орнын тапқан дұрыс қой. Дегенмен «туған ауылымды тастап кете барамын» деген ойдың өзі менің киелі, құт мекеніме деген сағынышымды қазірден арттыра түседі. Туып-өскен жерім туралы толғанып, ой жетегіне берілген шағымда үнемі Авар елінің нағыз патриот ақыны Расул Ғамзатовтың мына бір шумақтары ойыма оралады да тұрады: Қымбат маған елімнің бар даласы, Балтық пенен Сахалиннің арасы. Қайда болсам қиям оған жанымды, Туған жерден қазсын бірақ қабірді. Туған елге, Туған жерге, Туған тілге деген ыстық сезімнің үздік үлгісі мен үшін осындай болмақ. Отан туралы ой толғасаң, жан толғанысын айтып тауыса алмассың, сірә. Туған жеріне деген шексіз махаббатқа ие жүрегіммен өзімнің сыныптас достарыма алда тұрған үлкен сын – ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, өзі сүйген мамандықтың иесі болуын тілей отырып, Туған жердің – қазақ елінің қадірін біле жүрейік дегім келеді.
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.