Үй жұмысы Жекелеген жұмыс. Сөйлемдерді дұрыс құрастыр. https://bilimland.kz/ru/subject/kazah-tili/6-synyp/abaj-qazaq-danyshpany?mid=dd791400-d9f7-11e9-9153-c598fd1048ef 1845 жылы Абай . тауының Семей баурайында Құнанбайұлы облысы келді Шыңғыс дүниеге ⦁ – ол ақыны . қазақ ұлы халқының ⦁ атап . «Абай» әжесі еркелетіп деп кеткен ⦁ анасы болып, Зере аңыз-әңгімелерін өскен . әңгімеге әуес тыңдап Ұлжанның мен ақын болашақ әжесі ⦁ . бос оқуға кітап жұмсаған Абай уақытын ⦁ . байқалған бала шығару Абайдың өлең кезден дарыны Дескриптор. Сөйлемдерді дұрыс, қатесіз құрастыра алады. Жасалған жұмысты мұғалімнің почтасына немесе WhatsApp номеріне жазыңыз
Қазақстанның көрнекті жерлері.
Ұлан байтақ аумақты алып жатқан Қазақстанның дархан даласы - ауыз толтырып айтарлықтай көрнекті жерлерге бай өлке. Тіпті әлемнің басқа еш жерінде кездеспейтін табиғаттың әсем көріністері де жетерлік.
Әрине, сөзді ең алдымен елордамыз, тәуелсіз Қазақстанның символы - Нұр – cұлтан қаласынан бастаған жөн болар. Мұнда ҚР Президентінің резиденциясы – Ақорда, елдің ең басты монументі – Бәйтерек, сондай-ақ танымал «Атамекен» этно-мемориалдық кешені бар. Сонымен қатар, естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы елордада халықаралық EXPO көрмесі өткізілген болатын.
Ал Қазақстанның «оңтүстік астанасы», мәдениет орталығы Алматы қаласы архитектуралық ескерткіштер мен сұлу табиғатымен танымал. Бұл жерде аты әлемге әйгілі «Медеу» мұз айдыны, Көктөбе, 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағы, Тәуелсіздік монументі және Іле Алатауы шатқалында 2510 метр биіктікте орналасқан «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты секілді көрнекті жерлер көп. Биік тау баурайындағы қала бүгінде мәдени, тарихи, өндірістік ортаға айналған.
Кезінде Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан көне қалалардың бірі Түркістанда өз заманындағы сәулет өнерінің ерекше туындысы болып табылатын Қожа Ахмет Яссауи кесенесі орналасқан.
Көрнекті жерлер қатарына сонымен қатар Алматыдан шамамен 200 шақырым жерде орналасқан, ұлттық парк құрамына кіретін Шарын шатқалын қоса кеткен жөн болар. 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстарынан қалыптасқан шатқал отандық және шет¬елдік туристерді таңғажайып көріністерімен тамсандыратыны рас.
Әрине, бұл толық тізім емес, себебі кең байтақ елімнің көрнекті жерлерін бір шығармаға сыдыру мүмкін емес. Менің атапөткенім, тек бастамасы ғана деп білсеңіздер болады.
А. Байтұрсыновтың халқы үшін істеген игі істерінің ішіндегі шоқтығы биік қызметінің бірі- араб жазуына өзгерістер енгізіп, қазақ әліпбиін құрастыруы.Қазақ халқы өзге түркі халықтары сияқты 4-5 ғасыр бойы араб жазуын пайдаланып келді. 1910 жылы А.Байтұрсынов араб жазуы таза сол күйі қазақ тіліне қолайлы еместігін байқап қайта түзетуді қолға алған. Осы арқылы ғалым халықтың тез сауаттанып хат тануына, оқу білімге деген құштарлығының оянуына ықпал етті. Араб жазуы барысында халықты тез сауаттандыру кедергілері мен қиындықтары басым болды. Сол себебті осы кедергілер менқиындықтарды жоюдың ең басты тәсілі- араб жазуын қазақ тілінің заңдылығына сәйкес реформалау деп білді. Осылайша ұзақ ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан араб графикасын қазақ халқының игілігіне айналдыру идеясын көтеріп, оны іс жүзінде реформалады. Өзгерістің кемшілігі мыналар болатын:1) бір дыбыс бірнеше дыбыстар үшін пайдаланатын; 2) сөзді жазғанда тек оның дауыссыз дыбыстары таңбаланатын; 3) дауысты дыбыстар белгілейтін таңбалар үшеу ғана болды ол қазақ тілі үшін жеткіліксіз еді.