Ғылыми-фантастика өнердегі дербес жанр ретінде XX ғасырда қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. Оған қиялғажайыптық, ертегілік қасиет те тән. Қазақ ғылыми фантастикасы, басқа да әдеби жанрлар тәріздес, әуелі жұртшылықты ғылым негіздерімен етене танысуға шақыруға түрткі болуы тиіс. Ол үшін жаңашыл үн керек еді. Қазақ ғылыми фантастикасы ондай ғылым насихаткерін де тапты. Ол Шәкәрім Құдайбердіұлы еді. Өзінің нақтылы тақырыбы жоқ, алғашқы жолы: «Мен адамның таппаймын өнерлісін…» деген өлеңінде «…Іш жарып, ішек жалғап, сүйек қиып, Жамайды ерін, мұрын, түскен тісін. Аэроплан, телефон, громофон, электр, радий мен магнит ісін…” – дейді. Бір қараған көзге осы жерде ақын Шәкәрім ғылым мен техниканың өткен ғасырымыздың елең-алаңындағы су жаңа жетістіктерінің, өзіне салса, танымгері. Оқырманға салса – өлең тілімен жырлаған тәлімгер міндетін атқарып тұрған секілді. Иә, «секілді» емес, шынында да солай...
Тағы бір жағынан алып қарасақ:
Осыншама өнер тауып, асқан адам,
Әлемнің қиын сырын ашқан адам.
Ол үшін өмірге де айла табар,
Өлмей, жетер бірталай жасқа да адам!..
Керемет! Бұл дегеніңіз – кәдімгі кісі ағзасының белсенділігін мейлінше ұзарта түсу амалын қарастыратын медицина саласы – геронтология ғой.
Шәкәрім “кісі мәңгілік жасауы тиіс” демейді. Тек қана “өлмей, жетер бірталай жасқа да” дейді. Мұның өзінде де автордың өз заманынан едәуір озушылығы бар. Өйткені: Шәкәрім осы туындысын жазған тұстары қазақ ауылындағы, санақ көрсеткіштеріне жүгінсек, өмір ұзақтығы алпысты ғана алқымдаса керек. Демек, мына екі жол – ақынның ертедегі бір замандағы, Қорқыт атаның аңсауының рухани жалғасы тәрізді, арманы десе де, қиялы десе де болады.
Яки, Шәкәрім ішінде қисынды қиял элементтері ұшырасатын ғылыми-фантастикалық дүние берді деуге болады.
1-тапсырма
Мәтінде бірде жалғаулық, бірде демеулік ретінде қолданылып тұрған шылауды белгілеңіз. [1]
1. мен, бен, пен
2.да, де, та, те
3.секілді, тәрізді
Уақыт бұл біздің өтіп жатқан өміріміз. Біз мұны көбіне біле бермейміз. Уақытымыз өтсе қуанамыз. Адамның босқа кеткен уақытын кері қайтару мүмкін емес. Біз өзіміз уақытты үнемдеп босқа жібермеуге тырысуымыз керек. Мен үшінші сынып оқушысымын. Өз уақытымды құр босқа өткізбеуге тырысамын. Әрдайым сабаққа дайындалып жүремін. Бос уақытымда көркем шығармалар, қызықты ертегілер оқимын. Әртүрлі үйірмелерге қатысамын. Кейде уақыттың қалай зымырап бара жатқанын түсінбеймін. Уақыттың бос өткені өмірдің бос өткені деп бекер айтпаған. Біз уақытымызбен күш-қуатымызды дұрыс жұмсай білуге үйренуіміз керек. Біз үшін ең қымбат нәрсе – уақыт. Себебі алтынды кез–келген уақытта сатып алуға болады. Ал уақытты ешқашан тоқтата алмаймыз. Әрбір сағатымызды дұрыс өткізіп, әрбір күнімізді дұрыс жоспарлап отыруымыз керек. Алтын уақытымызды жақсы істерге жұмсайық. Өскенде неге мектепте жүргенде уақытымды тиімді пайдаланып оқымадым, деп өкінбейік. Уақыт бізге берілген үлкен сыйлық. Алтын уақытымызды қадірлей білейік.
Ел тарихын тұлғалар жасайды демекші, елдің абыройы мен беделі тұлғалар арқылы қалыптасады. Халық тағдырын өз тағдырынан биік қойып, аса жауапты тарихи шешімдерді қабылдап, мемлекеттің тұтастығы мен дамуы жолында еңбегі ерен азаматтар әрдайым халықтың кемеңгер тұлғасына айналады. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы сондай біртуар тұлғалардың бірі әрі бірегейі – егемен еліміздің негізін қалап, оның өркендеуіне өлшеусіз зор үлес қосқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол бабаларымыз аңсаған тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп, сан түрлі қиындықтарға қарамастан, елімізді қуатты мемлекетке айналдырып, тарих төрінен өзінің мәртебелі орнын ала білді.