В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
zhanara0507
zhanara0507
06.02.2022 20:10 •  Қазақ тiлi

Үзіндіден көркемдеуіш құрал тауып беріндерші: Шоқан бұл ауылға келгелі үлкен кісілер қасынан қашықтап кетті. Өйткені, құсбегі сауықшыл нағашы ағасы Аужан бастаған жастар тобы, қадірменді жиен Шоқанға өз елдерінде бар деген тамашаларын көрсетуде. Ауыл өмірі қашан болсын бір қалыптас. Атқа міну, құс салу, ит жүгірту–ең тамаша ойын осы ғана. Оның бәрі Шоқанның өз ауылында көргендері. Және мына қырық күн шілдеде бүркіт аңға салынбайды, тұғырда отырады. Тазыны да ыстықта қызыл табан болады деп аңға қоспайды. Тек бұл жазда обалсынбаса, балапан ергізген құсты аямаған құсбегілер, қаршыға, тұйғынды ғана ата қаз, үйрекке салады. Дегенмен өз ауылындағы қаршыға салу әдісіндегі ерекшелікті көрсетуге ойланған Аужан:
–Біз Шоқанға даңғаза, дабылмен құс алдыруды көрсетеміз, – деді Мұса ағасының үйіндегі аға қонақтарға сәлем бере келіп.
Аужанның ондағы ойы қаршыға салудың даңғаза дабылын үлкендер көрем десе жүрсін деген ойы еді. Өйткені оны шығарып жүрген өзі болатын. Аужанның даңғаза дабылы десіп Қаржас, Сүйіндік елдерінің қаршыға ұстағандары әсіресе айналдырып алған-ды.
Шоқан келген күннің ертеңінде күміс ертоқыммен жабдықтап мінгізген боз жорға дөнен аса бір әсем болатын. Жақып та Мұстапа нағашысының үйінен бір қара құнанды жабдықтатып мінген. Қаракөлдің жалпақ айдынынан қаршыға салуға болмайтын. Аужанның даңғаза дабылына ыңғайлы көлі – Қазанкөл деген саумал көлден бөлінген, бір ойпатқа біткен шағын кемеш Қамыстыкөл болатын. Бұл көлге қамысы қалың болғандықтан, қаз, үйрек көп қоныстап, жаз бойына құс арылмайтын

Показать ответ
Ответ:
Flylama
Flylama
18.06.2020 06:09

Менің туған күнім

Бүгін менің  туған күнім. Мен он бес жасқа толып отырмын. Бұл күнді асыға күттім. Үйде ата - анам бауырларым сағат түнгі он екіден бастап құттықтап, маған тосын сый жасады, сыйлықтарын сыйлады. Мен өте қатты қуандым.

Таңертеңнен бастап көңілім көтеріңкі болды. Анам мен әпкем тәттілер әзірлеп, бүгін қонақ күтуге дайындалуда. Сабақтан келіп мен де оларға көмектесе кеттім. Кешке үйге қонаққа ағайын - бауырлар келеді. Жаңа әдемі көйлегімді  кидім.

Қонақтар маған ақ тілектерін айтып, түрлі сыйлықтар ұсынды. Әпкем  маған арнайы үлкен торт пісірген болатын. Ол өте дәмді шығыпты.

Туған күнім ойдағыдай өтті. Енді демалыс күні достарыммен кездесіп, тағы туған күн тойлайтын боламыз.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Aruzhankaaaaa1
Aruzhankaaaaa1
18.06.2020 06:09
Менің туған күнім 16 қазан.Әлдеқашан болып та кеткен.Бірақ та,менің  қуанышым таусылар емес.Туған күн адам өміріндегі ең маңызды бөлігі,оны бүлдіршіннен бастап қарияға дейін тойлайды.Мен өз туған күнімді өмірімдегі бақытты кезеңім деп ойлаймын,себебі көп сыйлықтар береді мереке ұйымдастырады бұл күнді басқалармен қуанышымды бөлісемін.Өмірге жаңа келгендей бақытқа бөленемін,менің ойымша әрбір жан өз туған кунің зор қуанышпен тойлауы керек.Мен өз туған күніме көңілім толады және оны әр жыл сайын шаттықпен қарсы аламын!
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота