Жаңа ғасырдағы жаңа мамандықтар ХХI ғасыр өмірге түрлі жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да
ала келді. А естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда.
Ол негізінен ақпараттық технологиялардың тез дамуына, қызмет көрсету саласының
түрленуіне байланысты. Төменде келтірілген мамандық атаулары бірнеше жыл бұрын
қолданыста болмаған, олардын атын естігенде қазіргі күннің өзінде «Сонда ол маман немен
шұғылданады?» деген сауал туындайды. Бірақ дамып жатқан компаниялар бүгінде осындай
мамандар іздеп жүр. Сонымен, жаңа ғасырдың жаңа мамандықтарына тоқталайық:
бренд-менеджер - тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін
маман;
логистик - жүк тасымалын қадағалайтын маман;
промоутер - компанияның өнімін сату, жарнамалау және өткізу жұмыстарымен
шұғылданатын өкіл;
супервайзер - сауда өкілдіктерінің жұмысын қадағалайтын, жаңа бағыттарды
айқындайтын маман;
веб-мастер - сайт жасаумен шұғылданатын маман;
копирайтер - сайт үшін контент құрушы;
коучер - қызметшілердің потенциалын өсіретін маман;
интервьюер - әлеуметтік зерттеулер үшін сауалнама, сұхбат жүргізетін маман;
девелопер - жылжымайтын мүлік саласында, оны жобалау және құрылысын жүзеге
асырумен шұғылданатын маман;
сомелье - мейрамханада сусындардың таратылуына жауапты кәсіби маман;
джобер – оның жұмысы брокердің жұмысына ұқсайды, бірақ джобер акцияларды
сатып алуға және сатуға өз ақшасын жұмсайды;
рецепшеонист – тұтынушыларды қабылдау және келушілерді тіркеумен
шұғылданатын маман.
Тізімдегі мамандықтарға анықтама қысқаша ғана берілген. Шын мәнінде, айталық,
девелопердің жұмысы тек жоба жасап, оны сатумен ғана шектелмеуі мүмкін. Логистик те
солай. Бірақ бұл мамандықтарға деген сұраныс күннен күнге артып келе жатыр. Дегенмен
бірқатар мамандықтардың атауы жаңа болғанымен, функциясы өзгерген жоқ. Мысалы,
Javascript-программист мамандығы бұған дейін веб-программист деп аталатын. Бұрынғы
бастықтар - менеджер болып шыға келді. Еден жуушылар - хаус-киперге айналды. Соған
қарамастан жаңа мамандықтардың басым бөлігі - IT саласының дамуына байланысты пайда
болған, тың кәсіптер.
выпишите из этого текста Есимдиктер и етистик ер
Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген тоқсан жеті метрлік сәулет өнерінің бірегей туындысы - Бәйтерек. Бәйтерек монументі - Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.
Аңыз бойынша, киелі құс Самұрық өмір ағашына ұмтылады, өмір ағашы - Бәйтерек. Самұрық ағаштың алтын ұшар басында алтын жұмыртқаны тастау үшін қорғанады. Алтын ұрық - ол өмір және үміт беретін Күн. Сол күнді аш Айдаһар түбінде аңдып отырады.Бұл - жақсылық пен жамандықтың мәңгілік күресінің бейнесі. Ағып жатқан Бейбітшілік өзенінің бойында тұрған Бәйтерек аспанды тіреп тұрғандай көрінеді.
Бүгінгі таңда «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі.
ответ:"
"Ақ тиін мен қасқыр" ертегісі.
Ақтиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды.Қасқыр қарғып тұрып, оны жегісі келеді. Ақ тиін жалынып:
— Мені жеме, жібер? – дейді.
— Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр уақытта шат болып жүресіңдер?
Сонда ақ тиін:
— Мені жіберіңіз, сонан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп, сөйлей алатын емеспін, – дейді. Қасқыр ақ тиінді босатады.
Ақ тиін ағаш басына шығып алып:
— Сен қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады. Сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін де әр уақытта шат болып жүреміз, – дейді де, cылқ-сылқ күліп, ағашқа өрмелеп шығып кетіпті.