Адам болып дүниеге келген соң әр адам ананың сүті арқылы ана тілін,анасының тәрбиесін бойына сіңіріп өседі. Адам үшін ана тілі-туған тілі. Әр халықтың өз тілі,өз діні,өз әдет-ғұрпы бар. Әрбір халық өз ана тілін құрметтейді,қастерлейді. Ал өз ана тілін білмеу-надандық. "Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңде құрметте" дегендей,қанша тілді білсе де,әрбір жеке тұлға өз ана тілін құрметтей білу керек.
Қазіргі заманда адамдар ағылшын,француз тілдерін үйренуге талпынып жатыр. Себебі,ағылшын тілі шет елдермен қарым-қатынасқа түсу үшін өте қажет. Сонымен қатар,қытай,француз,орыс тілдерін біліп жүру де артық етпейді. Әр түрлі елдің тілдерін білу-мақтаныш,әрі адамның білімді екенін көрсетеді және де көптеген елдермен араласуға мүмкіндік тудырады. Үш тілден көп тілді білетін адамды "Полиглот" деп атайды. Елімізде үш тілді,яғни,қазақ,орыс,ағылшын тілдерін білу қажет. Болашақта көп тілді білудің пайдасы көп. Көптеген тілді білген адам жұмысқа да оңай орналасады. Алайда,қаншама тілді үйренсек те,ана тілімізге деген құрметті ұмытып кетпейік. (шағын шығарма,эссе десе де болады)
Мен оймен басқа әлемге саяхатқа шықтым. Ол әлемнің тұрмысы өте қызық әрі тамаша екен. Үйлердің кӛпшілігі балмұздақтан салынған, үстел, отырғыштар мұз шоколадтан құйылған. Ол әлемнің адамдары өтірік айтуды, бір-біріне қиянат жасауды, жаман сөз айтуды білмейді, тілдері сондай тәтті. Тау етегінде әдемі бұлақ ағып жатыр, ішіп көрсем күнде біз ішсем деп армандайтын сок екен. Әрбір адамның ұшағы бар, баратын жерге қиналмай барады. Міне ғажап, сыныптарына кірсем, әр оқушыда бір-бір компьютер, тіпті қаламсаптарының сиясы ешқашан бітпейді екен. Сыныпта орташа оқитын оқушы мүлдем жоқ. Ойымды тоқтаттым,өз туған жеріме қайта оралдым, ауасын жұттым. Барлық жерде жақсы болса да, өз атамекеніме жететін жер жоқ екен. Мен соған қатты қуандым.