В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
KseniaДьявол
KseniaДьявол
05.04.2023 18:31 •  Қазақ тiлi

Жазылым 2-тапсырма. Берілген тақырыптың біреуін таңдап, эссе жаз.
1) «Бірлігі жарасқан ел»
2) «Мен Отаныммен мақтанамын»
3) «Қазақстан – татулық пен ынтымақтың мекені»

Показать ответ
Ответ:
kViktoria2077
kViktoria2077
04.05.2021 11:30

Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы. Біздің елімізде Қазақстанда 130 - дан астам ұлт өкілі бар: ұйғыр, кәріс, дұнған, өзбек, қырғыз, түркмен, тәжік, армян, азербайжан, украин, беларус, түрік, шешен және т. б. Олар бір ананың баласындай бір шаңырақ астында еңбек етіп, тату тәтті өмір сүріп жатыр. Иә, Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстар еліміздің ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешуде. Бұл қазақ халқымыздың кеңдігін, бірлігін, ұйымшылдығын, ынтымақтығын білдіреді. Бәрімізге белгілі кең байтақ еліміз Қазақстан алуан ұлтты бауырына басқан, бейбітшілік пен татулықты әлемге үлгі еткен, достық пен ынтымақ елі. Сол үшінде біз шаттанамыз, туған отанымызды мақтан етеміз.

... Қазақ осы — айтатұғын желге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы — аңғал - саңғал жабусыз,

Қазақ осы — ағыл - тегіл, көл - көсір.

Қазақ осы — дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы — «Өнер алды — тіл» дейтін.

Қазақ осы — қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін... - деп Қадыр Мырза Әлі ағамыз айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында, татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздер мен біздерге мәлім.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Flora999
Flora999
04.05.2021 11:30

Бірлік – мәңгілік және бөлінбейтін, ынтымағы мен берекесін бірге ұстаған еліміздегі ең биік ұғым, сан ғасырлар бойғы дана халқымыздың бойына сіңген асыл қасиеті. Бабаларымыз ынтымақ пен татулықты, ортақ келісім мен ауызбірлікті, жарасымдылық пен сыйластықты мүдделі түрде еліміздің біртұтастығын сақтауда әрдайым биік мақсат етіп қойған. Бірлікті елдік пен ұлт болып ұйысып, ынтымақ пен сыйысып отырудың басты кепілі ретінде санаған. Біздің Отанымызда 125-тен астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. Біртұтас бірлігі жарасқан еліміздің халық саны жыл санап көбеюде, Отанымызда басқа ұлт өкілдері мен қазақ халқы бір киелі шаңырақ астында, бір атаның баласындай бірлікте тұрады.

Яғни, Отанымызда қазақ елі тек қазақтарға ғана емес басқа ұлт өкілдеріне пана болып табылады. Сан ұрпақтың кіндік қаны тамған туған жері, атамекені. Ата-бабаларымыздың ұлы аманатын арқалаған қазақ елі туыс елдерді кеңдігімізбен, дархандығымызбен әрі қонақжайлығымызбен, даралығымызбен, саналылығымызбен, өз қамын емес өзгенің қамын жоғары қойғандығымызбен ерекшеміз, құрметтіміз.

Елімізде басқа ұлт өкілдерімен достықты, сыйластықты, ынтымақтастықты, бауырмалдықты сан жылдар бойы іс-әрекетімізбен, тыныс- іршілігімізбен дәлелдей білдік.

Тарих тағылымына үңілсек, байтақ даламыз талай ұлт пен ұлыстарға пана, апа-әжелеріміз талай жетімдерге ана болды, өз балаларынан бөлмей-жармай маңдайынан сыйпады, бақытты өмір сыйлады. Соның жетістігі бірлігіміз тірлігімізге арқау болып, сыйластықта, татулықа өмір сүрудеміз. Бірлігі жарасқан елдер озады, бірлігі жоқ елдер тозады.

Тарих тегеурініне төтеп бере алмай бірлігі жоқ қаншама елдер, мемлекеттер елінен де, жерінен де айырылды, кең дүниені тарылтты, ең өкініштісі жойылып та кетті. Қай бір мемлекетті болмасын оларды ешбір жау сырттан ала алмайды. Елдің іргесі қашан да іштегі алауыздықтан, түсініспеушіліктен, сыйластықтың әлсіреп, ынтымақтың жойылуынан ыдыраған. Ел іргесі сөгілмес үшін ең бірінші бірлік, ынтымақтастық, парасаттылық пен сабырлылық, әрбір іс пен сөзге жауаптылық, байсалдылық таныту қажет.

Біздің Қазақ еліміз бүкіл әлемге қонақжайлылығымен әрі ынтымақтастығымен танылып, өзін мойындата білді. Тілі мен түрі басқа болса да тілегі бір, бірілікке ұмтылған мүддесі бір, "Қазақстан" атты тірегі бір, "Отан" деп соққан жүрегі бір, әрбір ел азаматының бағы мен тағы да, берекесі мен ырыздығы да, бірлігі мен тірлігі жарасқан осы елде десем артық айтқандық болмас. Ел бірлігі – ең асыл қасиет.

Бірлік сөзін ой елегімнен өткізіп, саралап көрсем:

Б- біртұтастығы бөлінбеген,

І- іргесі сөгілмеген,

Р- ризығы қолында, рахымы өмір жолында,

Л- лайықты ұл- қызын ынтымаққа үйреткен,

І- іңгәләған сәбиін адал еткен жөргектен,

К- кемелденген болашаққа қадам басқан сеніммен,- деген жолдар ойымды ашып, мақсатым мен мүддемді, арманым мен тілегімді айшықтап әрі нақтылап бергендей болды.

Кемеңгерлігімен елін ерекше сүйген, даналық сөздерін ұрпағына мирас еткен, Ақтамберді жыраудың "Балаларыма өсиет: Қылмаңыздар кепиет, Бірлігіңнен айырылма, Бірлікте бар қасиет", деген қанатты сөздері ғасырлар тоғысқан жылдарда өз өзектілігін еселеп арттыра түспесе кеміткен емес. Осы орайда Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: "Халықтар арасындағы келісім мен достықтың алтын тамыры қазақтарға тән асыл қасиеттерде жатыр", – деп айтқан көкейге қонымды, жүрекке жылы тиер сөзі тұғырлы тұлғаның орамды ойын Отанымыз ортақ әрбір азамат қабылдауы тиіс қағида іспеттес.

Ендеше, әрбір қанаты талмаған жас та, әрбір іске аса жауаптылықпен қарайтын бас та, аға ұрпақ та азаматтығын арттырып, бейбітшілік пен келісімді сақтап, баба үмітін ақтап, татулыққа ұмтылып, әрбір іске бірауыздан жұмылып, сенімділікті серік етіп, бірлігі жарасқан еліміздің ілгері қадам басуына өз үлесімізді қосуымыз керек. Елдің тағдыры – өз қолымызда.

Осы Қазақстан атты киелі шаңырақтың бірлігі мен ынтымағы жарасып отыруының басты дәлелі: әр ұлттың елімізді көркейту жолындағы ерен еңбегі мен бабалардан келе жатқан асыл мұраны сақтауы. Қазақ жері қандай кең байтақ болса, әрбір қазағымның жүрегі де сондай кең әрі дархан. Бірлігіміз арылмасын, жеріміз тарылмасын. Бірлігіңді бағың деп түсін дана халқым!

Объяснение:

1)"Бірлігі жарасқан ел"

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота