Жазылым Бір сәт уақытты алдыға жылжытып көрелік. Сіз мектепті үздік аяқтап, қалаған мамандығыңыз бойынша маман атандыңыз (Өзіңізді қандай мамандық иесі ретінде елестетесіз?) Қолыңызда дипломыңыз бар. Жаңа қызмет орнына тұруыңызға байланысты өз өмірбаяныңызды жазыңыз.
10]
Мен Махамбеттің ұрпағымын.
Қазақтың байтақ даласын,қонақжай халқын жаудан қорғаған батырлар аз болмаған.Сондай батырлардың бірі,әйгі ақын,жалынды жыршы,күйші – Махамбет Өтемісұлы.Ол мың сегіз жүз жиырма төрт – жиырма сегізінші жылдары Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында кеңесші болса,мың сегіз жүз жиырма тоғызыншы жылы Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып, Калмыков бекетіндегі абақтыға екі жылдай тұтқында болады.Ал мың сегіз жүз отыз бірінші жылы абақтыдан қашқанымен,артынан ақталып шығады.Мың сегіз жүз отыз алты - мың сегіз жүз отыз сегізінші жылдардағы И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі болады.Көтерілісшілер Бекетай құмында өздерінен күші әлдеқайда басым Гекке әскерімен соғысып, жеңіліс табады.Мың сегіз жүз отыз сегізінші жылы он екінші шілдеде Ақбұлақ бойындағы шайқаста Исатай қазаға ұшырап, Махамбет Хиуа жақта екі жылдай жасақ жинауға әрекет жасады.Бірақ онысы жүзеге аспай,хан адамдарынан қашып жүруге тура келеді.Махамбет мың сегіз жүз қырық бесінші жылы тұтқиылдан қастандықпен өлтіріледі.
Махамбет Өтемісұлы өз шығармалары арқылы жасақтағы сарбаздардың рухын көтеріп, намысын қайрады. Ол "өзім" деп емес, "Елім!" деп күресті.
МАМАНДЫҒЫМ – МЕНІҢ БОЛАШАҒЫМ
Міне, аз уақыттан соң біз мектеп табалдырығын аттап, үлкен өмірге жолдама аламыз. Болашақта бізді үлкен асулар мен биік белестер күтіп тұр. Білімді аға-апаларымыз тәрізді біз де еліміздің дамуына зор үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін өзімізге ұнайтын жақсы мамандықты адаспай тауып, білгір маман болуымыз қажет.
Рас, қазіргі заман ағымына ілесу үшін, білімді жастар санатына қосылу үшін терең білім мен біліктілік қажет. Ал мамандық таңдағанда адаспаған дұрыс. Бүгінде мамандықтың түр-түрі бар. Оларды іріктеп, өз икеміңе қарай таңдай білген жөн. Ұлы педагог Ушинский: «Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осыдан бар жігеріңізге сарп ететін болсаңыз, сізден асқан бақытты жан болмайды», – деген екен. Кез келген түлек мамандық таңдарда кедергілерге тап болуы ықтимал. Сол себепті әр баланың болашағына ата-анасы, ұстазы жауапкершілікпен қарағаны дұрыс.
Біздің бақытымыз – болашағымыз. Сондықтан, достар, мамандық таңдауда қателеспейік!..