ЖАЗЫЛЫМ10) Суреттегі қыз бен жігітке сипаттама жазыңыз (Мінезі, сырт келбеті, жақсы қасиеттері, түрі). Используя данные слова и времена глагола. Опишите девушку и парня на фото (характер, внешность, хорошие качества). Тірек сөздер: Қыз сипаты: Оймақ ауыз, Қиғаш қас, ақша бет, аққудай, жұлдыздай жарқырайды, күлім Көз, айдай сұлу, гүлдей жайнайды, гүлдей нәзік Жігіт сипаты: Ер тұлғалы, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, сұңғақ бойлы, ат жақты, болаттай мықты, өткір көзді, буйра толқындай шашы, ер ж
Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті.
Өнер адамға туа бітетін өте сирек қасиеттердің бірі. Жасынан қазақ ән-жырына құштар боп өскен азаматтардың бірі – Ғафу Қайырбеков. Қазақтың қай ақынын алсақ та Абайға еліктемей, одан бағдар, нәр алмай өтпеген. Сол
сияқты Ғафу ағамыз Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген. Осы да оның еліктеуіне жол сілтеген, үлгі берген деуге болады.
Ресей – әдебиет-мәдениеті ерте дамыған ел қатарында болғандықтан, біздің жанашыр жазушымыз, қазақ халқының мәдениеттілігіне үлес қосу үшін орыс жазушыларының өлеңдерінен аудармалар жасады. Көркем аударма теориясын зерттей отырып, түпнұсқа мен аударманың арасындағы ұқсастық мәселесіне тоқталмай кетуге болмайды. Мәдениеті мен әдебиет іәр-түрлі халықтардың санасы бір екенін ұмытпаған жөн. Сондықтан олардың қабылдануы, жүрекке қонымдылығы сол тылсым мазмұнда болып тұр. Аударма рухани құндылықты қайта жандыру болып табылады. Ғафу ағамыз аудармаларды бізге, яғни, жастарға жасап берді. Ол аудармалардың астарында қаншама сыр , ой жатқанын зерттеп, талдау арқылы жас ұрпаққа жол сілтеген. Ғафу ағамыз туралы, ақын Серік Тұрғынбекұлы былай деген:
“ Лирик ақын, сыршыл ақын, философ ақын дегендер болып жатады. Менің ұғымымда Ғафекең ең алдымен эпик ақын. Ол өзінің өлеңдері арқылы уақытқа үн қоса білді. Мысалы Ғафу Қайырбеков тың туралы дастандары үшін Мемлекеттік силықты алды. Ал сол тыңды Ғафекең басқалары секілді құр ұрандатып, желкілдетіп, керемет деп айқайлап кетіп, мақтаған жоқ. Тыңды айта отыра Ғафекең оның Қазақстанға тигізген қасіретін де жырлай білді” дей келе, көптеген ғалымдар, ақындар Ғафу ағамыздың артынан жылы сөздер айта кеткені жетерлік. Соның ішінде ғалым Жұмағали Ысмағұловтың қаламынан:
“ Ғафу Қайырбеков ақын ретінде, азамат ретінде қалың қазаққа кеңінен танылған азамат, әрі менің жан жолдасым. Ғафудың мол мұрасы ел жадында, оның шын бағасы енді беріледі. Қазақ поэзиясы жасап тұрғанда, қазақтың рухани байлығы бар кезде оның есімі еш уақытта ұмытылмайды. Қазақта талай дарын бар. Қазақ поэзиясы өте бай, талай дарындар келген, кеткен, әлі де келеді. Соның ішінде Ғафу орны ерекше. Қазақтың алтын тағында отыратын ерекше есім. Мен соны мақтан етем”,- деген екен.
Осы ойларды қорыта келе біз, яғни, жас ұрпақ, келешекке үлес қосуымыз керек. Біздің ата-бабаларымыздың рухын арттыра отырып, жаңа белестердің шыңына жетеріміз анық. Бүгінгі таңда Қазақстан деген ел барда жаңа заманның жаршысы ретінде әлемге танымалдық көрсетуге талпына түсіп “қазақ” атымызды өшпестей қыламыз. Ата-бабамыз салып берген сара жолды асқақтата, өрлете өркендетеміз. Елбасының сенімін ақтау үшін болашақтың бағдарламасына үлес қосуға талпынамыз, техника заманын меңгереміз. Сонда ғана болашаққа нық сеніммен қадам баса аламыз. Ғафу ағамыздың арманы да, биік шыңдары да осы, ер есімі ел есінде.