В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Нафунька
Нафунька
03.02.2020 19:23 •  Қазақ тiлi

Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам. Қазақ халқының дәстүрлі ұғымында «жолаушы өз үйінен қырық қадам ұзап шыққан соң мүсәпір » делінеді. «Мүсәпір» араб тілінде жолаушы деген ұғымды білдіреді. Сайын далада жолаушыға жолыққан адам оған жол көрсетіп, жөнсілтеп, ел мен жердің жайынан хабар беруге міндетті. «Жолаушы азығы жолда» деп білген жолаушы ешқашан жолсапарға мол азық, ауырзат алып шықпаған. Жолаушы ауылға қонуға келсе, баса-көктеп кірмей, алдымен алыстан дауыстап, рұқсат сұраған. Жолаушы даладан қос көрсе де, міндетті түрде бұрылып, онда адам болсын-болмасын дәм татқан. Қаралы ауылға да түсіп, аттануы тиіс болған.
«Қырық тың бірі – Қыдыр » деп санаған қазақтар үйіне келген бейтаныс жолаушыға ықылас, құрметтанытып, қонақ етіп күтсе, байлық пен ырыздық келеді. Ал жолаушыны сыйламаса, несіп-ырыздығына кесірі тиеді деп сенген. Жолаушы келген ауылына түстеніп, ат-көлігін суытып, тынығып аттанған. Көшпелілер қоғамында жолаушы кең даладағы оқиғалар туралы хабарды жедел жеткізуші, ақпаратты алмастырушы міндетін атқарған. Жолаушыны әдейі ауылына бұрып әкеліп, алыс-жақынның жаңалығын тыңдап аттандыратындар да болған. Жолаушыға қиын-қыстау жағдайда қол ұшын берген жан кейін қимас жолдас, дос-жаранға айналған. Қазақ халқы жолаушыны аса құрметтеген. Жолаушы жүрген адам кездессе, оны үйіне әкеп, шай беріп, ат-көлігін жайлап, көмектесіп отырған. Жолаушыдан бата алатын болған. Көшпенді өмір кешкен бабаларымыз жол жүрудің жайын жақсы білген. Ағайын-туыспен арала су үшін немесе жоғалған нәрсесін іздеу үшін, жолға көп шығатын болған. Ата-бабаларымыз табиғатпен жақын болып, жолға шыққан жолаушылар жол бағдарын жұлдызға қарап болжап, адаспаған.
Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде қолданылады. Халқымызда жолаушыға қатысты көптеген мақал-мәтелдер бар. Мысалы, «Жолы болар жігіттің желі оңынан соғады» десе, «Жалғыз жүрсең, жолмен жүр, жолдан жолд асқосылар. Жолдан жолдас қосылса, жолың болмас несі бар» деп жақсы жолдастың қасиетін айтқан. «Жолаушыны жол сынайды» деген мақал арқылы сапар ауыртпалығын білдірген.

1. Мәтінді оқып, мәтін бойынша жоспар құрастыр.

[2]

2. Мәтінді кездесетін мақалдарды теріп жаз.

Показать ответ
Ответ:
kseniy32
kseniy32
12.02.2023 02:04
Бұл жұрнақтардың барлығы да сөз тудырушы жұрнақтар болып табылады.

-сыз/-сіз жұрнақтары - есімдерден сын есім жасайтын жұрнақтар.Мысалы:бала+сыз,үй+сіз,ұят+сыз т.б.Ол далада үйсіз жүрген қаңғыбас емес пе еді?

-шыл/-шіл жұрнақтары:
1) Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақтар.Мысалы:ұйқы+шыл,кек+шіл т.б.Менің әкем өте ұйқышыл.
2) Сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнақтары.Мысалы:ақ+шыл,көк+шіл т.б.Әсемнің көйлегі ақшыл.

-қы/-кі жұрнақтары:
1) Етістіктің қалау райының жұрнақтары.Мысалы:қайт+қы+ң келеді,кездес+кі+сі келу т.б.Сенің үйге қайтқың келе ме?
2) Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар.Мысалы:кес+кі,жина+қы,шап+қы т.б.Ол үйден шапқыны іздеп әлек болды.
3) Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақтар.Мысалы:қыс+қы,іш+кі,сырт+қы т.б.Ішкі бөлмеде балалар жатыр.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Gok67
Gok67
09.01.2020 16:45

Астана бүгінде – Қазақстан жетістігі мен жеңістерінің символы.

                                                                                                    Н.Ә.Назарбаев

Бүгінгі Астана – асыл  тастан тұрғызылған асқақ қала. Ерке Есілдің жағасында орналасқан, жаңа ғасыр ғажабынан жаралған ертегідей елорда, әлемдегі ең жас қала. Кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер, үкілі үміт, көркею, тәуелсіздік көрінісінің нышаны. Астана шаңырағы әлі де шарықтай түспек. Жаңа астананың келешегі толығымен XXI ғасырдың еншісінде. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас буындар. «Астана» сөзі негізінен парсы сөзі, қазақша түсінігі  астана — табалдырық, босаға, кіреберіс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдіреді.   Астана – Қазақстанның астанасы. Ал, Қазақстан – Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Тарихқа бай Сарыарқаның ұлан-байтақ жерінде, қазақ жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі, жаңа бір мәдени-ғылыми, саяси ортаның шоғырлануы, Отанымыздың көркем, сәулетті, қуатты орданың дүниеге келуі – игіліктің нышаны деп білеміз. 1830 жылдың өзінде Есіл өзені бойындағы Қараөткел тұсында Астана қаласының ең алғашқы іргетасы қаланған болатын. 1832 жылы Ақмола ішкі округі ресми түрде жарияланды. Сосын Орынбор орталығымыз болды. Ал 1925 жылы Қазақстанның орталығы Орынбордан Ақмешітке көшірілді. 1929 жылдары Верный (Алматы) қаласына көшірілді. Содан соң Ақмола қаласы Астана болып 1998 жылы жарияланды.Ел жүрегі болып саналатын «Ару қала», «Әсем қала», «Бас қала» атанып  жүрген мемлекетіміздің  елордасы - Астана  қаласы. Қаламызға серуендеп тамашалауға келген әрбірінің  көңілінде ерекше бір сезім мен толқыныс, асқақ мақтаныш пен сарқылмас ән тербеліп жатады десек қателеспеген болар едім. Ару қаланың әрбір оралымы ашық бұрқақты аулалар, әсем безендірілген гүлзарлар мен көмкерген орманды алқаптарда бойтүзеген «Нұр Астана» мешіті мен «Бәйтерек», «Пирамида», «Ханшатыр», т.б. саяси және мәдени думан орталықтары мен түрлі тарихи мемориалды кешендері алуан түрлі. Аспалы төрт көпір («Арқар», «Марал», «Тұлпар», «Беласар») сәнін айқара ашып, сылдырай аққан Есіл де әрі өткен, бері өткен жол кезектерінде өзіне біздерді шақырып, көз тартып жатады. Моторлы қайықпен серуен барысында Есілдің жағасына кезек қарай отырып, көзқарықтырған қала сәулетіне тамсанумен, шексіз әсерлі сезімдерге, шабытты толғаныстар мен тебіреністерге ие боласың.Бағдаршам белгілерінсіз ешбір көше, орам байқамайсың. Бұл қаланың архитектуралық безендірілуі қаншалықты озық ойлы екендігін   білдірсе керекті.   Түнгі  Астана қандай десеңші? Түн қараңғылығы астында Ай сәулесінен нұр ала, алаулай жанған шамбалдар мен шырақдандар кім-кімді де естен тандырарлықтай. Әсем сазбен тербеле билеген су бұрқақтары, кең алаңды бойлай бой түзеген әкімшілік ғимараты мен ел қалаулылары – депутаттар үйі аралығын шығысы  Бәйтеректей ансанбльмен және батысы Елбасының Ақ ордасы мен министрлер үйі, Самұрық қазына компаниясымен шектестіре дүние бетіндегі ең бір асқақ сұлу кешендердің бір үйлесімділігін көрсетіп тұр.

Қала кешендерінің әрбірі бір тарих. Жеке-жеке тоқтала берсек, сөз  жетпес. Күллі дүние есігін ашып қарап шыққандай әсер берген Астана төріндегі әрбір кешен – шығыстық, еуропалық құрылыс компазицияларынан үйлесім таба, өзіне қараушыны табындыра да, сағындыра  да алған келбетке ие болған.

Биыл 10 шілде мен 10 қыркүйек аралығында өткен ЭКСПО бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, туристік тартымдылығымен әлемдік деңгейде көрініс тапты. ЭКСПО – 2017 Халықаралық көрмесінің тақырыбы – «Болашақтың энергиясы» (Болашақ қуаты). Көрме әрине, елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын техникологиялық және экономикалық жаңғырту барысында жоғары деңгейде әсер етті деп білеміз. Астана қаласы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толуымен қатар әсем қала өзінің көрікті бейнесімен қызығушылық әсерін мол туғызды деп сенемін. Егер карта бетіне қарап, геофизикалық өлшеммен алар болсақ, Астана батыс пен шығыс өлшемінің кіндік қаласы. Астана – Қазақстанның бас қаласы. Астанада оқып нәр алуыммен, гүлденген қалада өткізіп жүрген әр күніммен әрқашан айдай асқақтықпен мақтанамын!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота