В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
vasvas12
vasvas12
09.09.2022 04:02 •  Қазақ тiлi

Жомарттық сөзінің мағынасы?

Показать ответ
Ответ:
елена13333
елена13333
15.03.2021 08:30

Картину дай и потом отвечу

0,0(0 оценок)
Ответ:
AmmosD
AmmosD
15.03.2021 08:30

Жомарттық, жауанмәрттілік – адам бойындағы ізгі қасиет. Абайдың 38-қара сөзінде жауанмәрттіліктің үш сипаты айтылады. Олар: шындық (сидық), ақ пейілділік (кәрәм), даналық (ғақыл). Осы үш сипаттан тағы үш түсінік тарайды: шындықтан әділет, ақпейілділіктен шапағат, даналықтан (ғақылдан) ақиқат мағлұм болмақ. Бойында осындай қасиеттері бар жан жомарт аталса, оның жасаған істері Жомарттық деп аталады. Абай мұндай адамдар қатарына пайғамбарларды, әулиелер мен хакімдерді жатқызады. Адамның бәрі пайғамбар, әулие, хакім бола алмағанымен, Жомарттық – осы жолға бастайтын қасиет. Жомарттық әлем халықтары түсінігіндегі меценаттық ұғымымен мәндес. Ежелгі Грекияда Август патша кезінде өмір сүріп, ақындарға ұдайы қамқорлық жасаған Меценат (б.з.б. 74/64 – 8 жыл) есімді адамның құрметіне әлем мәдениеті тарихында меценаттық дәстүр қалыптасқан. Бүгінгі күнгі қазақ ұғымында мұндай іс демеушілік деп те аталады. Бұл түсініктегі Жомарттық – қолында байлығы бар азаматтың мұқтаж жандарға жасайтын қайырымдылық көмегі. Қайырымдылық – Жомарттың негізгі өзегі. Өзін өзі насихаттау үшін жасалған қайырымдылық Жомарттыққа жатпайды. “Жомарт бергенін айтпас, ер айтқанынан қайтпас” деген қазақ мақалы осыны айғақтайды. Қайырымдылық мәнін оны жасаған адам емес, сол қайырымдылықтың игілігін көрген адам түйсінуі керек. Сондықтан да Жомарттық жасау рухсыз адамның қолынан келмейді. Біріншіден, ізгі іс биік рухты талап етеді. Екіншіден, жомарт жан қолындағы байлықты тек таратып беруші ғана емес, сол байлықты жасаушы да болғаны жөн. Барды үлестіріп беру үшін барлықтың мәнін түсіну керек. Олай болмаған іс Жомарттық болмай, Абай айтқандай, тектен-текке “мал шашпақ” болады. Атақ үшін “мал шашу” – даңғазалық, айлакерлік. Бұл Жомарттықтың философиялық мәніне кереғар, қайшы келеді. Үшіншіден, жомарт жан – байлықты дәулетке айналдыра алатын дана адам. Байлық дәулетке айналмай ізгілік жоқ. Қзгілік жасау рух қуатын талап етеді. Ел билеуде жомарт пен Жомарттықтың маңызы зор. Жомарт адам билікке келсе, халық ырысты болмақ. Платонның елді философ билеуі керек дегені – елді жомарт жан басқаруы керек дегені. Кең далада өмір сүрген қазақ халқының Жомартықты ерекше қастерлеуі көшпелі тұрмыс-тіршілігімен байланысты қалыптасқан. Бір шетінен бір шетіне айлап жүріп жететін кең аймақта бүгінгідей қонақүйлер, мейрамханалар болмағанымен, “әр қазақтың үйінде әр қазақтың сыбағасы сақтаулы тұрды”. Осыған байланысты халық ділінде қонақжайлық ғұрып қалыптасқан. Балаға Жомарт, Жомартбек деп ат қою дәстүрге айналып, Жомарттықпен аты шыққан адамды көпшілік “Атымтай жомарт” деп ардақтаған. Халық ауыз әдебиеті туындыларында Жомарттықтың нағыз үлгісі ретінде Атымтайдың кеңпейілділігі мен мырзалық қасиеті айтылады. Шашубай ақын “Қолда мал жоқ болғанмен көңілім бай, Байлығым, жомарттығым Атымтайдай”, – деп өзін Атымтай жомартқа теңейді. “Көңілі түскен адамға көл болу”, “астындағы атын түсіп беру” тәрізді адам бойындағы мырзалық пен мәрттік қасиеттер Жомарттықпен ұштасып жатыр. Олар қазіргі қазақ қоғамында әлі де қастерленеді.[1]

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота