Мәтін. Сырымның үш қасиеті. Бір топ жолаушы Сырымды іздеп келе жатса, алдарынан әйел шығады. Жөн сұрасып, жолаушылардың Сырымға бара жатқанын біліп, беріп жіберетін аманаты бар екенін айтып, оны Сырымға жеткізуді өтінеді.– Ол не аманат, жеңіл ме, ауыр ма? – деп сұрайды жолаушылар. – Қадірін білсеңіз жеңіл де емес, алып жүруге ауыр да емес, – дейді де, әйел басындағы орамалын көтеріп бір тал шашты желкесінен, енді бір тал шашты маңдайынан жұлып алып жолаушыларға береді. Содан кейін оң жақ қолтығынан бір жапырақ шүберек жыртып береді. Тезек теріп жүрген қабының бір бұрышын жыртып алып, оны да Сырымға жеткізіңіз деп береді. Жолаушылар «Мұны кім берді деп айтамыз», – дегенде, әйел «Сырымның өзі біледі», – деп жауап қайтарады. Жолаушылар Сырым аулына келіп, болған мән-жайды айтып, аманатын тапсырады. – Сендер мұны не деп шештіңдер? – дейді Сырым.Жолаушылар: – Шеше алмадық, – дейді. – Бұл әйел Байбақты баласы көрінеді, елден ерте кеткен екен. Желкеден шаш алғаны туған жерім, туысқан- елім артымда қалды дегені. Төбеден шаш алғаны – содан бері мына бастан бірталай уақыт етті дегені. Маңдайынан шаш алғаны – әлі жаспын, өмірден үмітім бар дегені. Көйлектің оң жақ қолтығынан шүберек жыртып бергені – қолтықта бауыр бар. Мен сенің бауырыңмын дегені. Байбақтының баласы екенін осыдан білдім. Қаптың бұрышын бергені үйге тезекпен кіріп, күлмен шығып күң болып жүрмін дегені, – дейді Сырым. Біраз күн өткен соң Сырым әйелдің аулына келеді. Мұндағылар қонақ етіп, біраз жатқан соң ауылдың бір үлкен ақсақалы: «Не жұмыспен келдің?» – деп сұрайды. Сонда Сырым:– Саған арзан, маған қымбат, сенің қолында менің бір сүйегім қарындасым жүр екен. Бұлын алып бересің бе, құнын алып бересің бе? дейді. – Бұрын сен ол қарындасыңды көріп пе едің? – дейді ақсақал. – Жоқ, көргенім жоқ! – дейді Сырым. Сонда ақсақал: – Бір түсті киінген қырық әйел, қырық еркек қарама-қарсы жүреді. Сол уақытта бір-біріңді танысаңдар бірге ауылдарыңа қайтыңдар, танымасаңдар осында қалады, – дейді. Сөйтіп, қырық еркек пен қырық әйел қарама-қарсы жүргенде көп әйелдің ортасында келе жатқан байбақтының қызы қасында келе жатқан әйелдің құлағына: – Анау, қырық адамды бастап, қырық бірінші болып келе жатқан менің ағам Сырым,– деп сыбырлайды. Сырым да Байбақтының қызын тани кетеді. Сонда ақсақал: – Бір-біріңді қалай таныдыңдар? – деп сұрағанда, Сырым: – Қырық әйелдің ішіндегі отыз тоғызы өтіп бара жатқан еркектің бәрінің бетіне қарап санап шықты, ал мына әйел қатарынан асып кеткенше менен көзін аудармады. Содан таптым, – дейді. Ақсақал әйелден: – Сырымды қалай таныдың? – деп сұрағанда ол: – Сырымда ерекше үш қасиет бар: біріншісі – батырға біткен тұлғасы, екінші – өжет мінезі, үшінші – асқан даналығы бар деп еститін едім. Сырым маған қыран топшылы, толық денелі, кең кеуделі, шалқа төсті, жолбарыс бетті болып көрінді. Басы да елден ерек, торсық шекелі екен. Ағамды осыдан білдім, – депті. Можете обеснить ?
пусть скорость горной реки х плот плывет по реке 21 км в течение 21: х часов
туристы на лодке все расстояние проплыли за такое же время: 54: (12+х) плыла лодка по реке+ 6: 12по озеру и все это равно времени, за которое плот плывет по реке 21 км, =21: хсоставим и решим уравнение: 54: (12+х) +0,5 =21: хумножим обе части на х(12+х), чтобы избавиться от дробей: 54х +0,5х(12+х) =21(12+х)54х +6х +0,5х² =252+21х 0,5х²+39х -252=0d=b²-4ac=39²-4·0.5·-252=2025так как дискриминант больше нуля, то уравнение имеет два корняодин отрицательный и не подходит ( -84)
второй = 6 скорость течения горной реки 6 км/ч