Жас инженер Арман Ермеков «Жас жанұя» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жаңа пәтер алды. Ол балалар бөлмесінің еденіне ковролан төсеуді ұйғарды. Ол үшін ұзындығы енінен екі есе үлкен
тіктөртбұрыш тәрізді ковролан сатып алды. Шеберлер ковроланды еденге
төсеу үшін оның енінен 30 см және ұзындығынан 1 м 20 см кесіп алды.
Егер Ермеков пәтеріндегі балалар бөлмесінің ауданы 17,36 м2болса, осы
бөлмеге қойылатын плинтустың ұзындығы қандай болуы керек?