1 тапсырма . ответте на вопросы по тексту Отырар қаласы
Отырар - Қазақстанның ортағасырлық ірі қалаларының бірі. Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан. Отырар қаласының аты VIII ғасырдан бастап аталғанмен, оның бастапқы тарихы б.з.б. II ғасырда Сырдарияның орта ағысында пайда болған Қаңлы (Кангюй) мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты. IX ғасырдың ортасынан бастап Отырар (Фараб деп те аталған) Самани әулеті мемлекетінің ықпалында болды. Осы кезеңнен бастап бұл өлкеде сауда- саттық жасау, ғалымдардың «білім қууды көздеген» саяхаттары адамдардың ой-өрісін кеңейтті, өнердің, ғылым мен колөнер кәсіпшілігінің таралуына ықпалын тигізді. Энциклопедист-ғалым әл-Фарабидің осы қаладан шығуы кездейсоқ емес. Отырардың алып жатқан ауданы 200 гектарға жетіп, нағыз Шығыс қаласына айналды. Орта Азия мен Қазақстан қалаларының мәдениеті мен экономикасының дамуын монғол шапқыншылығы тежеді. 1219 жылы күзде монғолдар қаланы қоршап, 6 айдан кейін басып кіріп, халқын қырғынға ұшыратты. Қазіргі кезде қала орны ғана сақталған.
1.Отырар қаласы қай жерде орналасқан ?
2.ІХ ғасырдың ортасынан бастап Отырар кімдердің ықпалында болды ?
3.Отырар қаласын кімдер және қашан басып алды ?
Жауабы осылай болады.