10.Тіл ғалымы, әдебиеттанушы, біртуар тұлға Ахмет Байтұрсынов «Адамдық диқаншысы» өлеңінде адамдарға білім, даналық, ғылым, еңбек, адамдық сияқты асыл қасиеттерді тұқым ретінде еккенін тілге тиек етеді. Ақын өз заманында адамдар осындай қасиеттерді бойына сіңіргенін қалады. Ал, сіз өз қатарластарыңыздың бойында қандай адамдық асыл қасиеттер болғанын қалайсыз? Өз ойыңызды қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, достарыңызға хатпен жеткізіңіз. Хат құрылымын сақтаңыз. Сөз саны – 50-60 сөз.
Ат спортының түрлері:
аламан бәйге - алыс және өте алыс қашықтарға атшабыс,
байте - ойлы қырлы жерлермен атшабыс,
ат жегу - тез арада атты дайындау,
ат омырауластыру - атты итерістіріп шеңберден шығару,
аударыспақ - ат үстінде алысу,
жорға жарыс - жорғалар сыны,
құнан бәйге, дөнен бәйге, тай жарыс - жылқы түліктерінің жарысы,
қыз қуу,
көкпар - командалық ойын,
жамбы ату - шауып келе жатып нысана көздеу,
күміс ілу - жерден күміс тиынды ат үстінен іліп әкету,
сайыс - ат үстінде қарумен жекпе-жек өткізу;