В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
BonesPPP
BonesPPP
16.11.2021 22:57 •  Қазақ тiлi

10-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап ал. Кестені толтыр. Есімдіктердің түрлерін ажыратып, мағынасын түсіндір.​

Показать ответ
Ответ:
Elkahit
Elkahit
13.07.2021 01:16

Қазіргі  ақындардың ішінен Қалқаман Сарин ағамыздың шығармашылығы өте қатты ұнайды! Әсіресе "Менің мұңым" атты өлеңі жаныма жақын.

Тұншықтырып тірлігімді тынымсыз,

Тас төбемнен төнді тағы Түн үнсіз.

Маған қарап мұңаяды мың жұлдыз,

Жетімсіреп менің мөлдір мұңымсыз.

Менің мұңым, менің мұңым – мөлдір мұң,

(Мұңсыз өмір сүре алмаймын мен бір күн).

Түнгі аспаннан тұнық іздеп көз алмай,

Қарап жатып қанша жұлдыз сөндірдім.

Бүгін тағы құрбан болып бар үміт,

Санадан тыс құдіретке бағынып.

Мың жұлдыздың арасынан бір жұлдыз,

Ағып түсті. Жалғыздықтан жалығып.

Олар, сірә, ғашық менің мұңыма,

Мен де олардың құмар едім сырына.

Мұңсыз – мінсіз ғұмыр кешу, құдай-ау,

Қасірет қой жердің Ақын ұлына.

Әппақ Айдың бір сәулесі тисе артық,

Кетер, шіркін, көңілімде күй шалқып.

Өзгеше бір өлең жазып отырам,

Мың жұлдыздан мұңдарымның иісі аңқып.

Менің мұңым сәуле төгіп Күнге ұқсап,

Мұңлы шаққа сыйлайды бір нұрлы сәт.

Түнгі ызғардан тоңып тұрған томсарып,

Жұлдыздардан гүл жасайды бір құшақ.

Аспанымда – тұнып тұрған күміс шық,

Аспан асты – сыр ұқтырған тыныштық.

...Өзім сүйіп, өзім күйіп жататын,

Менің мұңым ып-ыстық.

0,0(0 оценок)
Ответ:
belovomp
belovomp
02.07.2022 11:02

Менің болашақ мамандығым

Адам өз өмірінде ең бастысы мамандық таңдаудан жаңылмауы қажет.  Әркімнің өзіне етене жақын, жанына жағымды мамандық таңдау сәті-асқақтаған арманының ең бірінші баспалдағы. Мамандығыңды таңдаған сәтте сол кәсіптің білгірі болуы шарт. Менің қалаған мамандығым журналист. Журналистер әрбір естіген, байқаған нәрсесін көзбен көріп, соны жазбаса тағат таппай ой түйсігінен өткізіп халық арасында болып жатқан көкейкесті мәселелер мен болған оқиғаларға бейжай қарай алмайтын мамандық иесі. Журналист мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда шоқтығы биік тұрады. Журналистің басты мақсаттарының бірі-халық пен үкімет арасындағы қарым-қатынасты сақтап қалу. Бұл мамандық адам бойындағы бүкіл өнерін, қабілетін, жақсы қасиеттерін ашуға көмектеседі. Негізінен бұл - аса қауіпті мамандықтың бірі болып табылады. Сондықтан да осы мамандық аса батылдықты талап етеді. Жақсы журналист жақсылықты көреді, жаман журналист кемшілікті көреді. Жақсы журналист көргенін жазады, ал жаман журналист біреуден естігенін жазады. Журналист сан түрлі ғылым саласына еркін ой жүгірте алатын тұлға болғаны ләзім. Журналистика мамандығының хас шебері атанғым келеді. Бұл кәсіптің бүкіл қыр-сырын игеріп, тереңінде жатқан асыл маржандарын теріп, білікті маман иесі болғым келеді. «Журналист - халық пен билікті байланыстыратын көпір»-дейді. Жалпы айтқанда журналист адам мен өнерді дәнекерлеуші.

Журналистика-күш, ашық пікір, шынайы мінез, тұңғиық ой, талғампаз көзқарас. «Журналистика» термині француз тіліндегі «journal» сөзінен шыққан. Ел аузында журналист мамандығын «екінші көне» мамандық деп атау қалыптасқан. Қоғамдағы құбылыстарды зерттеп-зерделеу жолында өзіңнің күшің мен уақытыңды аямайтын дәрежеге жеткенде, өзіңнің шын талантыңмен оқырманды баурап алатын шабытың шыңдалғанда ғана жақсы журналист бола аласың. Қаламың мен қағазың арқылы қорғансызға пана болып, әділеттік тапқанда, біреуге үміт ұялатқан сәтте осы мамандықтың қыр-сырын біліп, сезінуге болады. Журналистика мамандығын әр адам әрқалай түсінеді.

Объяснение:

журналистті ауыструға болады

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота