Тәрбие сөздері «құрғақ моральдық, тәлімгер-тәрбиеші болып көрінеді. Бірақ оны әлем алдында және ең алдымен өз ар-ожданының көрінісі ретінде қарастыру керек.
"Соңында мен шешім қабылдадым: қағаз бен сия бұдан былай менің жұбанышым болады, мен өз ойларымды жазамын. Егер кімде-кім өзінен қажет сөзді тапса, оны қайта жазсын немесе есіне түсірсін. Егер менің сөздерім адамдарға қажет болмаса, олар менде қалады.
Енді менде бұдан басқа уайым жоқ."
"Олардың күші - қолөнерді қажымай-талмай үйреніп, еңбек ету және өз араларында масқара қақтығыстарға уақыт жұмсамауында."
Ана деген әрбір адам үшін өмірдегі ең асыл жан. Аналарымыз бізге өмір сыйлап, ақ сүт беріп, тәрбиеледі. Аналарымыз пейілі кең, мейірі мол, кешірімді жандар.
Қандай ана болмасын, өз баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, емдеуге бар күшін салады.
Бойымыздағы бар жақсы ізгі қасиеттер бізге ана сүтімен дариды, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Қазақта "Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген нақыл сөз бар.

Ананың пейілі