Ертең менің ағамның туылған күні. Мен оған не сыйларымды білмедім, сонда анам маған ағаңа кітап сыйла деді. Сол күні кітаптар дүкеніне барып , таңдап бастадым. Көп уақыт ойландым. Кітаптың көбі ұнады. Бірақ соңында бір кітапты таңдадым. Ол кітаптың аты " Гарри Потер". Ағам екеуміз "Гарри Потер" деген киноны көрдік. Енді ағам оның кітабын оқиды деп ойладым. Туылған күн де келді. Таңертең ерте тұрып, ағамның бөлмесіне бардым. Ол ұйыктап жатыр екен. ямен оны оятып, құттықтадым. Ол кітапты көріп қатты қуанды. Ағам екеуміз кітапты бірге оқыдық. Кітап өте қызық екен.
Кең болсын қазағымның керегесі, кетпесін Алла берген берекесі, Алаштың баласына нәсіп болған, Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі! *** Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңитін кезеңі - наурыз мейрамы құтты болсын! Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Қоян жылы ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын!