В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
elezavetkavtoray
elezavetkavtoray
12.04.2020 11:04 •  Қазақ тiлi

" Бурабайдың табиғаты" эссе жазамыз. 60 сөз

Показать ответ
Ответ:
бека151
бека151
18.11.2022 23:55

Шыңғыс Айтматовтың бүкіл шығармашы­лы­ғы мен өмірі бастан-аяқ қазақ хал­қымен тығыз байланысты болды. Сонау «Жәми­ла­дан» бастап, әлемге та­ны­мал «Қош бол, Гүлсары», «Ақ кеме», «Ғасыр­дан да ұзақ күн», «Жанпида» сияқты бар­лық шығар­маларындағы көркем образдарының рухы мен мінезі қыр­ғыздан гөрі қазаққа өте-мөте жақын еді.

Жазушының өзі де қазақ ауылымен іргелес, қоныстас жерде туып-өскен. Әкесі Төреқұлды Тұрар Рыс­құлов қо­лы­нан жетектеп жүріп, Ташкент­ке оқуға түсірген. Кейін қырғыздың көр­некті қоғам қайраткері болған, 1938 жы­лы «халық жауы» ретінде атылып кет­кен Төреқұл Айтматов Т. Рысқұлов­тың тіке­лей тәрбиесін көрген шәкірті болған. Мұхтар Әуезовті өмір бойы пір тұтып өткен жазушы жазып жатқан жаңа шығармасын Жуалы топырағынан баста­мақ болған еді. Қазақстандағы БТА банк­тің құр­метті президенті болып та­ғайындалған. Жазу­шының кандида­турасын жақында түр­кітілді елдердің мәдениет министр­лерінің кеңесі (TÜRKSOY) түрік әлемі­нің атынан Нобель сыйлығына ұсынған-ды. және Ш. Айтматов түркі әлемінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін TÜRKSOY тағайындаған халықаралық көрнекті сыйлықтың тұңғыш лауреаты атанған.

2008 жыл Қырғызстанда Айтматов жылы болып жарияланғаны белгілі. Осы жылдың желтоқсан айының 12-де 80 жасқа толатын жазушының мерей­тойы халықтық мереке ретінде тойлан­бақ еді. Жоғарыда айтқан TÜRKSOY сыйлығы осы 80 жылдық мерейтойына орай тапсырылмақ еді. Тағдыр оны ке­мең­гер жазушыға тірі көруді жазбапты.

2008 жылы маусымның 10 күні «Адамзат­тың Айтматовы» атанған Айтматов 79 жасын­да Алмания­ның Нүрнберг қаласын­дағы аурухана­да бүйрек ауруынан қайтыс болды. Жазушының мүрдесі маусымның 14 Бішкек 10 км маңындағы Чон-Таш (Шын-тас) ауылындағы «Ата-Бейіт» ме­мориалды-мұражай кешеніне қойы­л­ды. Сол күн Қырғызстанда ұлттық қайғылық деп жарияланды

0,0(0 оценок)
Ответ:
GNRK
GNRK
13.12.2022 15:41

Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді.

Объяснение:

5 звезд қоиш

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота