Менің кішкентай досым 1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. 1а. Мәтіндегі негізгі ойды табыңдар. Жануар мен адам арасындағы достық туралы білгендеріңді ортаға салыңдар. Есімшенің түрленуі (ережені мұқият оқып, есте сақтаңыз) Есімше есімдерше көптеледі, тәуелденеді, септеледі және жіктеледі. Көптік жалғауы -ған, -ген, -қан, -кен және -атын, -етін, -йтын, -йтін тұлғалы есімшелерге ғана жалғанады: барған-дар, келген-дер, айтқан-дар, айтатындар, беретін-дер, сөйлейтін-дер, қарайтын-дар т.б. Есімшенің -ар, -ер, -р, -с және -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек тұлғаларына көптік жалғауы жалғанбайды. Есімшенің септелуі А. көрген, келер, бермес, баратын, алмақ І. көрген-нің, келер-дің, бермес-тің, баратын-ның, алмақ-тың Б. көрген-ге, келер-ге, бермес-ке, баратын-ға, алмақ-қа Т. көрген-ді, келер-ді, бермес-ті, баратын-ды, алмақ-ты Ж. көрген-де, келер-де, бермес-те, баратын-да, алмақ-та Ш. көрген-нен, келер-ден, бермес-тен, баратын-нан, алмақ-тан К. көрген-мен, баратын-мен Есімшенің -ар, -ер, -р, -с және -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек тұлғаларына көмектес септік жалғауы жалғанбайды. Жақ есімше жіктелуі тәуелденуі І көрген келер бермес кететін жүрмек жекеше көпше оңаша ортақ -мын, -мін -пын, -пін -мыз, -міз -пыз, -піз -быз, -біз -ым, -ім -ымыз, -іміз ІІ көрген келер бермес кететін жүрмек -сың, -сің сыпайы: -сыз; -сіз -сыңдар -сіңдер сыпайы -сыздар -сіздер -ың, -ің сыпайы -ыңыз -іңіз -ымыз, -іміз сыпайы -дарыңыз -деріңіз -тарыңыз -теріңіз ІІІ көрген келер бермес кететін жүрмек -ы, -і -дары, -дері -тары, -тері 2-тапсырма. Сөйлемдерден есімше жұрнақ тарын тауып, талдаңдар. 1. Базаралы науқасынан оңалып, қай тадан азамат қалпына келгенде, қараша үйлердің үлкен-кішісі түгел қуанды (М.Ә.). 2. Аспанды ызғырық суық сұр бұлт қаптаған (Б.М.). 3. Игілік жігіттерді бөгей тұрмақ еді, бірақ оның реті болмай қалды (Ғ.Мүс.). 4. Болыс ағасы тұрғанда, етек-жеңін кең ұстайтын (Ә.Нұрп.). 5. Қасымның ырысы болған “Қос шалқардың” қойнау-қуысын қалдырмастан араладық (Ғ.Мүс.). 6. Мұстафаның ойы бір биені өзі алып, бір биені Мұқанға бермек екен (С.М.). 7. Бұл шырақ өшпес түгіл лаулап жанар (С.Дөн.) 3-тапсырма. Сөйлемдерден есімшелерді тауып, олардың түрлену ерекшеліктерін түсіндіріңдер. 1. Баланың безектеп жылай беретіні, Ақботаның түні бойы ұйқы көрмейтіні, өз қолымнан түк келмейтіні мені үйге сыйғызбады. 2. Өз ішінде жүрген, әлі әкесіне де ашпаған бір ойлары болушы еді. 3. Айтқандарының растығын бекітіп, барлық обоздағы еркек-әйелдер қолдарын қояды. 4. Өздері неге жатқанын сұраған Баймағамбетке олар қазір-ақ осы шай іше сала жүретіндерін айтты.
Тәуке хан (1680-1715/18 жылдар) билік еткен жылдары қазақ хандығы орталықтандырылған мемлекет болып қала берді. Қазақ хандығында бейбіт өмір орнады, заңдар қатаң сақталды, тайпааралык алауыздык азайды. Шиеленіскен ірі даулар мен айтыс-тартыстар беделді билердің тікелей араласуымен шешіліп отырды. Барымта-карымта, жайылымдар мен су көздерін бөлісу жөніндеп алауыздықтар мейлінше азайды. Қазақтың әскери жасақтарының жауынгерлік кабілеті күшейді. Ішкі ауызбірліктін арқасында елдің орасан зор аумағының тұтастығы сақталды. Қазақтар солтүстігінде орыстардың Тара қаласынан бастап, оңтүстігінде Ташкент қаласына дейінгі, батысында Жайық (Орал) өзенінен бастап, шығысында Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді иеленді. Қазақтардың Еділ (Волга) өзені аймағында көшіп-қонып жүрген кездері де болды.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесi тек ортағасырлық сәулет өнерiнiң керемет туындысы ғана емес, сол сияқты ортағасырлардан сақталған бай тарихи мұраларды сақтап отырған киелi орын ретiнде де тарихта белгiлi орны бар ескерткiш. 1978 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі республикалық музей ретінде ашылып халыққа қызмет көрсете бастаған кезде музей қорында 300-ден аса жәдігер болған.Бізге дейін жеткен көне жәдігерлер өте көп. Қазіргі кезде өзіміздің елімізде ғана желгі кесенелер, мазарлар, мешіттер бар. Осындай танымал ескерткіштер көне замандардан біздің заманымызға дейін жетті. Қорыта келгенде, біздің мақсатымыз ата-бабаларымыз қалдырып кеткен жәдігерлерді сақтап қалу, және одан ары қарай өзіміздің де ұрпақтарымызға жеткізу деп ойлаймын.