Тапсырма 1.Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беру арқылы негізгі детальді ақпаратты анықтаңдар.
Спортты өнердің бір түрі деуге бола ма, неге?
Дағыстандық балуанның пікіріне қосыласыңдар ма?
Қай халыққа қандай спорт түрі тән, етене жақын деп ойлайсыңдар?
Қазақтың ұлттық спорт түрлеріне тағы нені қосар едіңдер?
2. Берілген түпнұсқа мәтінді мұқият оқып шығып, кестенің бірінші бағанына негізгі, екінші бағанына қосымша детальді ақпаратты тауып жазыңдар.
Қандай халықтың болмасынсалт-дәстүрлері сол халықтың мінез – құлқын, қасиеттерін таныта алады. Мысалы: қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлық. Әрине, бұл ерекшеліктер басқа халықтарда да кездеседі. Бірақ бұл қасиеттер әр халықта әр қырынан көрініс береді, сонымен қатар әр ұлт өкілдерініңсалт-дәстүріндегі мән-мағынасы мен тәлім-тәрбиесі бір-біріне ұқсап, бірін-бірі толықтырады. Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.1.Шілдехана(салт).жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатынойын-сауық, той.2.Кіндік кесер(салт).Нәресте туған сәтте оның кіндігін әйелдер(кіндік шешесі) дайын тұрады.Кіндік кесу-мәртебелі, абыройлы іс.3.Бесікке салу(салт).Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесікқасиетті,киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.4. Қырқынан шығару(салт).Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады.ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.5.Тұсау кесер(салт).Сәби қаз тұрғаннанкейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.