тапсырма. Абайдың «... орыс тілін үйрену керек. Онда сені мен бізге де
керек, халыққа да керек білім бар» сөзін басшылыққа алып, төмендегі рөлдерді
қатыстырып, сахналау ұйымдастырыңдар.
• Дәнекер (өмірмен байланыстырады).
Сөз тапқыш (мәтіннен жүрекке жылы сөздерді тауып айтады).
Сұрақ қоюшы (сұрақ қояды).
• Реттеуші (реттеп отырады).
«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!
Мен білетін табысты адмдар.
Әлемде табысы көкпен теңесетін табысты адмдар жетерлік.Олардың біреуі өз табысын өз қара басына жұмсаса,енді біреуі жақсылық жасаудан талмайды.Халқымыз "оңай олжа оңалтпас" демекші,әрине,бұл жеміске олар үлкен жеңістің арқасында жеткен еді.Олар да тағдырдың тауқіметін көріп, талай қиын күндерді басынан өткерді.Бірақ жұмысқа деген құлшынысы мен адал еңбегінің арқасында осындай биік дәрежеге жетіп отыр.
Мен өзім білетін үш табысты да танымал адамдарды ерекше айтып кете аламын.Алғашқысы - Джефф Безос.Ол Amazon компаниясының негізін қалаушы.Білесіздер ме?Ол алғашында Макдоналдста жұмыс істеген.Енді біреуі - Ян Кум.Ия,көпшілігіміз білетін WhatsApp желісінің құраушысы. Америкаға келгеннен соң Ян анасына қатерлі ісікке қарсы күресуге көмектесіп, 16 жасында жергілікті азық-түлік дүкенінің алдын сыпырды. Yahoo-да жұмыс істеу үшін колледждегі оқуынан шығып кеткен.Үшіншісі - Уоррен Баффет, Berkshire Hathawaу директорлар кеңесінің төрағасы.
Баффет 6 жасынан бастап жұмыс істеген. Ол америкалық отбасылардың үйіне барып сағыз сатады. Сонымен қатар газет таратып та үлгерген.
Мінекей,бұл адамдар өздерінің табысқа жету жолдарымен таң қалдырып қана қоймай,үлкен істерді бастауға еріксіз итермелейді деп білемін.