Үйге тапсырма: 3-тапсырма. Достық туралы қанатты сөздерді оқып, ондағы етістіктерді табыңдар. Достық әлсізденген сайын сыпайылық
арта түседі.
Уильям Шекспир
Достық асықпай өсетін өсімдік секілді. Ол пісіп-жетілуі үшін
талай сыннан өтуі керек.
Джордж Вашингтон
Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар. Бірі — не
болса соны жей бермей, азығына талғаммен қарайтын жан, бірі —
кім болса сонымен дос болмай, айналасындағы достарын жөнімен
таңдай білетін адам. Омар Хаям
Дескриптор:
-Қанатты сөздердің мағынасын түсінеді;
-Етістіктерді табады;
4-тапсырма. Өлеңді оқып, өлеңдегі мәтінге сәйкес бой сергіту жаттығуын
жасаңдар. Өлеңдегі етістіктерді тауып, оларды сөз құрамына қарай талдаңдар.
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi.
Орнымыздан тұрып ап,
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Дескриптор:
-Өлеңді оқиды;
-Етістіктерді құрамына қарай талдайды;
Байқоңыр - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған.[1] Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған.
Байқоңырдан Протон зымыраны ұшу сәті.Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырыдды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды.