В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
maksburyas
maksburyas
15.03.2020 15:53 •  Қазақ тiлi

Ғылыми-фантастика өнердегі дербес жанр ретінде ХХ ғасырда қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. Оған қиялғажайыптық, ертегілік қасиет те тән. Қазақ ғылыми фантастикасы, басқа да әдеби жанрлар тәріздес, әуелi жұртшылықты ғылым негіздерімен етене танысуға шақыруға түрткі болуы тиіс. Ол үшін жаңашыл үн керек еді. Қазақ ғылыми фантастикасы ондай ғылым насихаткерiн де тапты. Ол Шәкәрім Құдайбердіұлы еді. Өзінің нақтылы тақырыбы жоқ, алғашқы жолы: «Мен адамның таппаймын өнерлісін...>> деген өлеңінде «...Іш жарып, ішек жалғап, сүйек қиып, Жамайды ерін, мұрын, түскен тiсiн. Аэроплан, телефон, громофон, электр, радий мен магнит ісін..." - дейді. Бір қараған көзге осы жерде ақын Шәкәрім ғылым мен техниканың өткен ғасырымыздың елең алаңындағы су жаңа жетістіктерінің, өзіне салса, танымгері. Оқырманға салса - өлең тілімен жырлаған тәлімгер міндетін атқарып тұрған секілді. Иә, «секілді» емес, шынында да солай...

Тағы бір жағынан алып қарасақ:

Осыншама өнер тауып, асқан адам,
Әлемнің қиын сырын ашқан адам.
Ол үшін өмірге де айла табар,
Өлмей, жетер бірталай жасқа да адам!..

Керемет! Бұл дегеніңіз – кәдімгі кісі ағзасының белсенділігін мейлінше ұзарта тусу амалын қарастыратын медицина саласы - геронтология ғой.

Шәкәрім “кісі мәңгілік жасауы тиіс” демейді. Тек қана "өлмей, жетер бірталай жасқа да" дейді. Мұның өзінде де автордың өз заманынан едәуір озушылығы бар. Өйткені: Шәкәрім осы туындысын жазған тұстары қазақ ауылындағы, санақ көрсеткіштеріне жүгінсек, өмір ұзақтығы алпысты ғана алқымдаса керек. Демек, мына екі жол – ақынның ертедегі бір замандағы, Қорқыт атаның аңсауының рухани жалғасы тәрізді, арманы десе де, қия десе де болады.

Яки, Шәкәрім ішінде қисынды қиял элементтері ұшырасатын ғылыми фантастикалық дүние берді деуге болады.

мәтін бойынша 3 проблемалық сұрақ құрастырыңыз
помагит​

Показать ответ
Ответ:
aliyevasevgi5
aliyevasevgi5
27.03.2020 12:19

Жапырақ көктемде неге жасыл, күзде неге сары болады?

Жапырақтар көктемгі желектің сәнді әшекейі, әрі ағаш атаулының тіршілік белгісі деуге болады. Ағаш тіршілігін реттейтін фотосинтез құбылысын осы жапырақтардың іске асырады. Күн суытып, күз, қыс  мезгілдері кез-келген ағаш үшін ауыр кезең. Өйткені, жер қата бастасымен ағашқа керекті су да азая бастайды. Ауа райы салқындағандықтан, жер қойнауындағы сулар қата бастайды. Жапырақтар болса, суды көп қажет етеді. Сондықтан, жапырақтар онсыз да аз суды барынша бойына сіңіруге асығады. Мұндай ағаштың басқа мүшелеріне жеткілікті мөлшерде су бармай, ағаш қурап кетуі де мүмкін. Бірақ, керемет жоспарланған ғалам жүйесінде бұл мәселе жан-жақты қарастырылыпты.Мысалы, жаз айларының соңында күн қысқарып, түн ұзарған шақта, барлығына бірдей белгі берілгендей ағаштар жайлап қыстың қамына кіріседі. Фотосинтез үрдісіне жауапты гормондар іске кірісіп, жапырақтардың түсу мезгілі жақындайды.

Салқын ауа райы байқалмайтын тропикалық ыстық аймақтарда су тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін ағаш жапырақтары құрғақшылық мезгілде түседі екен. Жапырақтың түсуі белгілі бір жыл мезгіліне байланысты емес көрінеді. Кей ағаштардың жапырақтары бір-ақ аптада түсіп қалады екен. Жапырақтың түсуі ағаш түрлеріне байланысты өзгеретін болған.

Хлорофилл өз күшін жойған кезде жапырақ бойындағы басқа пигменттер яғни каротиноидтар өз жұмысына кірісіп, қураған жапырақты қоңыр, сары, алқызыл түстерге бояйды. Жапырақ түсу үрдісінің осыдан кейінгі сатысы, ағаш түріне байланысты. Айталық, кей ағаштардың сарғайған жапырақтары тез түссе, басқа ағаштардың жапырақтары солып қалған күйі бірден түспей, бір-екі апта тұрады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Batanik17
Batanik17
15.12.2022 14:05
Астана осы сөздің тура мағынасында нағыз астанаға,
тәуелсіз жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының
астанасына айналады» Н.Ә.Назарбаев

1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның Ел ордасы болып жарияланды. Астана бүгін орталық болса, болашақта мәдени-ғылыми орталық болатынына күмән келтіргендер де аз емес еді. Астананың гүлденіп, көркеюі – Қазақстанның дамуының бір белгісі .

Еліміздің ертеңгі болашағы біздер, яғни жастар. Сондықтан әр Қазақстандық еліміздің, жеріміздің өркендеп - өсуіне зор үлесін қосуға міндетті.

Бұл Астана қазақ қазақ болғалы ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап кеткен болашағына жол тартатын құтты қонысы болмақ.
Астана жылдан – жылға гүлдеп, жайнап келеді. Сарыарқа төсіне тағылған жақұт алқадай болып жарқырап көрінеді. Астананың тәуелсіз Отанымызбен айбынды Астанамыздың өсіп өркендеуі әрине біздің жастардың қолында.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота