Жазылған эссе үлгісінде жазушының ұстанымы қай абзацта екенін анықта. «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы – қазақ ауыз әдебиетіндегі шоқтығы биік туынды, тарихи мұра. Шығарманы оқи отырып, мен осындай ойға келдім, себебі арада қанша ғасыр өтсе де, бұл шығарманың бағасы аса жоғары деп ойлаймын. Сонымен бұл туынды неліктен бағалы? Біріншіден, ХV ғасырда өмір сүрген данагөй абыздың айтқандары бүгінгі күні де өз маңызын жойған жоқ. Еліне құтты қоныс іздеп, дүниенің төрт бұрышын аралады. Өзен-суды, тау-тасты, орман-тоғайды назарынан тыс қалдырмады. Ондағы ойы – жайылымға жайлы, шөбі шүйгін, суы мол, қазақтың тұрмыс-тіршілігіне қолайлы мекенді табу. Осы сапарында аталған елді мекендерге берген бағасы, айтқан сыны айна- қатесіз дәлме-дәл келді. Мысалы: Шыңғыс тауын, Семей тауларын көргенде: «Мына шіркіннің топырағы құтырған екен. Оған шыққан шөп құтырады, оны жеп семірген мал құтырады, оның етін жеп, сүтін ішкен адам құтырады. Қан үзілмейтін, кісі өлтіру, ұрыс-төбелес көп болатұғын жер екен!», – депті. Бұл – Семей жері ядролық полигон ошағы болатынын алдына ала сезгенінің, болжамының сай келгенінің дәлелі. Сонымен қатар шығармада кездесетін жер-су, тау атаулары қазақ жерінің кең байтақ, шексіз мекенге айналғанын көрсетеді. Дұрысын айтқанда, Асан қайғы қазақ даласының шекарасын белгілеп берді десе де болады. Шығарма сонысымен де құнды. Ойымды жинақтай келе айтарым, Асан қайғының айтқандары – баға жетпес тарихи құнды мұра. Елбасының өзі «Мәңгілік Ел» идеясын Асан атаның «Жерұйық» идеясымен байланыстырып, халықты жарқын болашаққа үндеді. Осыған орай, бізді Асан қайғы армандаған жақсы өмір күтеді деп сенемін. 1- абзацта 2-абзацта 3-абзацта
эссе
Объяснение:
если че не виноват
1 абзатс болады
Объяснение: